СӘУІРДЕ ЕЛІМІЗДЕГІ КҮНКӨРІСТІҢ ЕҢ ТӨМЕНГІ ДЕҢГЕЙІ 20 527 ТЕҢГЕНІ ҚҰРАДЫ
Қазақстанда 2016 жылғы сәуірде күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 20 527 теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінен хабарланды.
Комитеттің мәліметтеріне қарағанда, негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2016 жылғы сәуірде өткен аймен салыстырғанда 0,5 пайызға жоғары болды. Сонымен қатар, бұл көрсеткіш 2015 жылғы сәуірмен салыстырғанда 7,8 пайызға артық.
«Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 21 пайыз, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаны - 17,5 пайыз, жемістер мен көкөністерді сатып алу 10,2 пайызды құраған. Ал ең төменгі күнкөрістің құрылымындағы нан және жарма өнімдерінің үлесі 8,7 пайыз қант, шай және дәмдеуіштер 2,6 пайыз болып отыр», - делінген баспасөз баянында.