ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КӘСІПОРЫНДАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӨРМЕГЕ ҚАТЫСАДЫ
Мемлекеттік қолдау арқылы Қызылорда облысының кәсіпкерлері республикалық «Қазақстанда жасалған» көрмесіне қатысуға қызу дайындық үстінде.
Көрме мамырдың 6-сы мен 8-і аралығында астаналық «Көрме» орталығында өтеді. Экспозицияға 300-ден астам отандық өнім өндірушілер қатысады деп күтілуде. Олар өз өнімін таныстырып қана қоймайды. ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев, ««Бәйтерек» Ұлттық Басқару Холдингі» АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев және «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасы Қаныш Төлеушиннің қатысуымен өтетін өндірушілер форумына да қатысады. Кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған бағдарламаларға презентация жасалып, үздік шетелдік және отандық бизнес-тренерлердің ұйымдастыруымен түрлі шеберлік дәрістері өтпек.
Аталған көрмеде Қызылорда облысынан ұлттық колоритті текстиль өнімдерін шығаратын компания, кәмпит және шұзық, кондитерлік өнімдер мен тұз, естелік сыйлықтар, мектепке дейінгі оқу орталықтары мен күрішті өсіру және өңдеумен айналысатын кәсіпорындар қатысады.
Солардың бірі – қазалылық жас кәсіпкер Мейірімжан Қаниев. Бастауыш кәсіпкер бір жыл бұрын Әйтеке би кентінде компьютерлік қызмет көрсететін және естелік сыйлықтар шығаратын өзінің «Асыл мұра» атты компаниясын құрды. 2015 жылы жеке кәсіпкер Мейірімжан Қаниев «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында қайтарымсыз гранттық қаражат берілетін конкурсқа қатысып, жеңімпаз атанды. Қызылорда облысысының Әкімдігі жас кәсіпкердің жобасы жүзеге асырылуына 2 млн.теңге беріп, сол қаражатқа Мейірімжан Қаниев өзінің дизайнерлік орталығына қажетті құрал-жабдықтар сатып алды. Өзінің кәсіпкерлік тәжірибесі аз болғанына қарамастан, Қазалылық кәсіпкер жобасын сәтті жүзеге асырып, 4 жергілікті тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Шиелі ауданының атынан Маханбет Патима атты кәсіпкердің шұжық өндіретін компаниясы көрмеге қатысады. Кәсіпкер шұжық цехының жұмысын 2005 жылдан бері жүргізіп келеді, ал былтырғы жылы Маханбет Патима өнідіріс көлемін арттыру мақсатында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ несие рәсімдеп, сол несиенің үстеме пайызы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында мемлекет тарапынан субсидиялануда. Қазіргі таңда жеке кәсіпкердің компаниясында шұжықтың 11 түрі шығарылып, ауданның 60 тұрғыны цехта жұмыс жасауда.