МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ КІРІСТЕРІ КӨРСЕТКІШІНДЕ ОҢ ӨСІМ БАЙҚАЛДЫ
Мемлекеттік бюджетке кірістер бойынша Қызылорда өңірінің 2016 жылғы бірінші тоқсандағы көрсеткіштерінде оң өсім қарқыны бар. Департамент республикалық бюджетке 10 млрд. 886 млн. теңге түсім түсуін қамтамасыз етті, жоспардың орындалуы – 135,2 пайыз.
Жергілікті бюджетке өндірілген салықтар мен төлемдер көлемі 9 млрд. 52 млн. теңгені құрады, жоспар 35 пайызға артығымен орындалды. Салықтар мен төлемдерден борыштар жыл басындағы 3 айда 301 млн. теңгеге, борышкерлер саны 6,1 мыңға азайды.
Басым бағыттар - камералдық бақылау, өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіруді күшейту және жергілікті атқарушы, құзыретті органдармен өзара байланысты жетілдіру жолымен қосымша кірістер көзін қамтамасыз ету. Нәтижесінде бірқатар қарқынды көрсеткіштерге қол жеткізілді:
▪ камералдық бақылау және салық төлеушілермен жүргізілген әңгімелесу қорытындысымен қосымша 1 млрд. 485 млн. теңгенің төлемдері мен салықтары өндірілген, бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен 66,5 пайызға артық;
▪ Экономикалық тергеу қызметімен бірлескен жалған кәсіпкерлерді анықтау бағытындағы шаралардың тиімділігі арттырылып, нәтижесінде бірінші тоқсанда 7 тұлға жалған кәсіпкер болып танылып, мемлекетке келтірілген 1,2 млрд. теңге залал анықталды. ▪ 27 кешенді және 50 тақырыптық, 338 жекелеген бағыттар бойынша тақырыптық тексерулер тағайындалып, жалпы сомасы 10 млрд. 437 млн. теңгенің салықтары мен төлемдері қосымша есептелді, бұл өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда, 3 млрд. 629 млн. теңгеге артық.
▪ кеден төлемдері бойынша 2 млрд. 439 млн. теңге бюджетке өндіріліп, жоспарлы тапсырма 104,7 пайызға орындалды.
Мәдина ЕСЕТОВА,
Қызылорда облысы бойынша МКД
талдау және тәуекелдер басқармасының бас маманы