2016 ЖЫЛҒЫ НАУРЫЗДА ТҰТЫНУ ТАУАРЛАРЫ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ИНДЕКСІ 100,9%-ДЫ ҚҰРАДЫ
Өткен айда Қызылорда облысында баға азық-түлік тауарларына 1,3%, азық-түлік емес тауарларына – 0,9%, ақылы қызметтерге–0,4%-ға өсті, - деп хабарлады облыстық статистика департаментінің баспасөз қызметі.
Өткен айда бағаның өсуі қантқа – 2,1%, жаңа жиналған жемістер мен көкөністерге – 1,7%, алкогольсіз сусындарға – 4,4% сүт, ірімшік және жұмыртқаға – 1,1% белгіленді. Азық-түлік емес тауарлар тобында баға жуу және тазалау құралдарына 2,1%, киім және аяқ киімге -1,0%, үй тұрмысына қажетті заттар, тұрмыстық техника және үйді күтіп ұстау бойынша күнделікті қызметтерге – 0,7%-ға жоғарылады. Ақылы қызмет көрсету тобында көлік қызметі бағасы 1,8% өсті.