СЫР ЕЛІНДЕ КҮРІШТІҢ ШЫҒЫМДЫЛЫҒЫ ЖОҒАРЫ
Биыл Қызылорда облысында күріштің шығымдылығы жоғары, деп хабарлайды ҚазТАГ тілшісі жергілікті бақ өкілдеріне сілтеме жасап.
Семинар-кеңесте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Дәуірбек Әбуов "Облыстағы егін жинау жұмыстарының барысы” туралы баян етті. Баяндамашы биылғы жылы 161,4 мың гектар жерге егіс егілгенін, оның ішінде Сыр байлығы – күріш дақылының үлесі 81,2 мың гектарға орналастырылғанын айтып, егін шығымдылығының жақсы екендігін назарға салды. Мамандардың пікірі бойынша, ағымдағы жылы алынатын өнім өткен жылғыдан кем болмайтын көрінеді. Қазіргі таңда дәнді дақылдарды жинау науқаны аяқталып, кезек көкөніс өнімдеріне келді. Сонымен қатар мал азығын әзірлеу жалғасуда. Осы күні 479 мың тонна пішен мен 113 мың тонна жоңышқа жиналды.
Басқарма басшысының хабарлауынша, аймағымыздағы мал азығына арналған дақылдар үлесі 56,2 мың га, көкөніс және бақша өнімдері – 17,6 мың га, 2716 - картоп, 3531 – көкөніс, 6142 гектарына бақша өнімдері, 1 мың гектар жерге жүгері себілген. Егін шаруашылығын әртараптандыру мақсатында бидай, арпа, жүгері, қырыққабат, картоп, т.б. секілді басқа да дақылдар көлемін көбейтуді қолға алынбақ.
«Мысалы, былтырғы жылы картом алқабының бір гектарына төленетін өтемақының құны 2,5 мың теңге болатын. Ал қазір қарапайым тәсілмен өсірілген дақылдың 1 гектарына 159 мың 161 теңге, тамшылатып суару әдісін қолданғандарға 219 560 көлемінде өтемақы төленбек», - деді басқарма басшысы.