«100 ҚАДАМ» ЭКОНОМИКАНЫҢ БЕРІКТІГІН НЫҒАЙТАДЫ
Ұлт жоспарында айқындалған мақсат-міндеттерді жүзеге асыру өңірлерде экономиканың дамуына оң әсерін тигізіп отыр. BNews.kz берген сұхбатында Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі Қайратбек Сәрсенбаев осындай пікір білдірді.
«Аграрлық, өнеркәсіптік жобаларға шетелден инвестор тарту, салық салу негізі, ет-сүт өңдеу көлемін ұлғайту бойынша тұс-тұста жоспарлар жүзеге асырылып жатыр. Өңір аудандарында жұмыстың оң нәтижесі байқалып келеді, экономика нығайып, беріктігі арта түсуде», - деді ол.
Қайратбек Сәрсенбаевтың айтуынша, Шиел ауданы инвестиция салып, ірі жобаларды жүзеге асыру үшін өте қолайлы аймақ.
«Шиелі ауданының құнарлы топырағы мен ыңғайлы көлік инфрақұрылымы инвесторлар үшін зор мүмкіндік. Оның үстіне ауданда бірқатар ірі ауыл шаруашылық нысаны ашылды. Мәселен, иран инвесторлары ауданның агрорлық саласына үлкен қызығушылық танытып отыр. Олар 12 мың гектар алқапта сафлор өсіріп, басқа да ірі жобаларды жүзеге асыруға инвестиция салуға ниетті», - дейді Сәрсенбаев.
Сондай-ақ Шиелі ауданында экономикалық өсім мен салық салу негізін нығайтуға септігін тигізетін тағы бір ауқымды жобаны іске асыру жоспарда бар. Бұл инвесторлардың көмегімен бой көтеретін цемент зауыты. Жылдық қуаты бір миллион тоннаны құрайтын кәсіпорын жобасының жалпы құны 74 млрд теңгеге жуықтайды.
«Зауытты салу кезінде, яғни шамамен алдағы екі жылда мұнда 1200 адам еңбек етеді. Ал құрылыс аяқталысымен зауытта 260 жұмысшы екі қолға бір күрек табады», - деп нақтылады аудан әкімі.