«АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫ ӘРТАРАПТАНДЫРУ: КЕЛЕШЕГІ МЕН МІНДЕТТЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ФОРУМ ӨТТІ
ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының қолдауымен «Аймақтық экономиканы әртараптандыру: келешегі мен міндеттері» тақырыбында аймақтық сарапшылар форумы өтті, деп жазады «ҚазАқпарат».
Аталмыш шараға отандық белгілі сарапшылар, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Сарапшылар ҚР Президенті ұсынған реформалардың жүзеге асырылуының негізгі бағыттарын қарастырды. Соның ішінде, аймақтық экономиканы әртараптандыру мәселелері, «Нұрлы жол» бағдарламасының мақсаты мен міндеттері талқыланды. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму және «Нұрлы жол» бағдарламалары аясында Қызылорда облысында жүзеге асырылып жатқан жобалар қарастырылып, оның өңірдің дамуына оң әсерін тілге тиек етті.
Талқылауға қатысушылардың пікірінше, Елбасы ұсынған институттық реформалар мемлекетті дамытуда жаңа мүмкіншіліктер мен бағыттарға ие, сол себепті ұсынған стратегиялық мақсаттардың тиімді орындалуын қамтамасыз ету керек.
Форум жұмысының соңында сарапшылар белгіленген стратегиялық бастамаларды орындау елдің мемлекеттілігін нығайтуға және дамудың жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік беретіні жөнінде ортақ пікірге келді.