ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЙЕЛ-КӘСІПКЕРЛЕРІ 1200 ЖҰМЫС ОРНЫН АШТЫ
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы жүзеге асқан уақыттан бері екінші деңгейлі банктерден алған несие пайызын субсидиялау түріндегі қолдауға 102 жеке әйел кәсіпкер субъектісі қол жеткізді. Яғни, әрбір 3-ші жоба нәзік жандылармен жүзеге асуда. Жеңілдетілген несие портфелінің жалпы сомасы бүгінгі таңда 2,1 млрд. теңгені құрап, Бағдарлама аясында бизнес-ледилер рәсімдеген несиенің орташа көлемі 20,6 млн. теңге болып отыр.
Ең көп әйелдердің жүзеге асырған жобалары мына салаларда жұмыс жасауда: өнеркәсіп өндірісі (30%), көлік және қойма шаруашылығы (22%), тұрғын үй және тамақтану бойынша қызметтер (15%) көлемде.
Кепілдендіру инструменті арқылы жүзеге асқан 104 жобаның ішінде көлемі 506 млн.теңгені құрайтын 45 кепілдендіру келісім-шарты әйел-кәсіпкерлермен жасалынды. Оның ішінде 13-і стартап жобалар. Барлық бөлінген кепілдендірудің жартысынан көбі (23 жоба) өндіруші өнеркәсібіне бөлінген.
«БЖК 2020»ББ аясында субсидиялау мен кепілдендіру құралдарымен әйел кәсіпкерлігін қолдау нәтижесінде өңірімізде 1200 жаңа жұмыс орны ашылды.