ҚДБ АЛҒАШ РЕТ ИСЛАМ ЛИЗИНГІ ШАРТТАРЫ БОЙЫНША 1,1 МЛРД ТЕҢГЕГЕ КЕЛІСІМДІ ҚАРЖЫЛАНДЫРДЫ
ҚДБ-нің еншілес компаниясы ислам лизингі шарттары бойынша алғашқы келісімді қаржыландырды, деп хабарлайды «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, - деп хабарлады ҚР премьер-министрінің сайты.
«Қазақстанның Даму банкі» еншілес ұйымы – «ҚДБ-Лизинг» АҚ («Бәйтерек» холдингінің құрылымына кіреді) «Исткомтранс» ЖШС теміржол жүк тасымалдарын ұйымдастыру үшін вагон-цистерналарды жеткізу бойынша жобаны ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды (10 жылға дейін) бастады», - делінген компания таратқан хабарламада.
Айтып өтілгендей, көлемі 1,1 млрд теңгеден асатын келісім ислам лизингі - «Иджара» шарттары бойынша «ҚДБ-Лизинг» қаржыландырған алғашқы жоба. Аталмыш келісімді ұйымдастыруға арналған қорландыру көзі «Қазақстанның Даму банкінің» 2012 жылы ТМД елдерінің эмитенттері үшін дебюттік «Сукук» ислам облигацияларын шығару барысында тартылған қаражаты болды.
«Иджара мүлікті (жылжитын және жылжымайтын) алдын ала келісілген төлемдер сомасымен белгілі бір мерзімге лизингке беру болып табылады. Лизинг заты, мысалға, жабдық мүлікті сақтандыру және оны тиісті күйде сақтау бойынша барлық шығындарды көтеретін лизинг берушінің меншігінде қалады. Мүлік жарамсыз болған жағдайда лизинг алушы төлем төлеуді тоқтатады», - деп түсіндірді ҚДБ-де.
Жоба аясында «Исткомтранс» ЖШС қайтару лизингі шарттары бойынша сұйытылған көмірсутекті газдарды ішкі, халықаралық және транзиттік қатынастарда тасымалдауға арналған 113 вагон-цистерна сатып алады. Цистерналар Қазақстанның климаттық және географиялық ерекшеліктеріне сәйкес келетін жетілдірілген техникалық және пайдалану сипаттамаларына ие.