ҚАЗАҚСТАН ҮКІМЕТІ 2016Ж БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫН ЖІӨ-НЕН 2% ДЕЙІН ҰЛҒАЙТТЫ
Қазақстанның министрлер кабинеті ағымдағы жылғы республикалық бюджет тапшылығын ЖІӨ-ден 2 пайызға дейін ұлғайтты, деп мәлімдеді ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев.
"Тапшылықты қаржылдандыру көзі ретінде 2015 жылдың бос қалдығы 179,2 миллиард теңгені тарту есебінен бюджет тапшылығын 723,4 миллиард теңгеден 902,7 миллиард теңгеге дейін немесе ЖІӨ-ден 1,6%-дан 2%-ға дейін ұлғайту болжануда", — деді Досаев парламент сенатында елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамын нақтылауды таныстыру кезінде.
Министрдің айтуынша, тапшылықты бұлай ұлғайту оны қаржыландыруға қосымша қарыз тартуды талап етпейді.
"Ұлттық қордан мақсатты трансферттер есебінен қаржыландырылатын шығыстарды және бағамдық айырмашылықты жабуға қосымша шығыстарды есептесек, жалпы 2016 жылғы республикалық бюджет шығыстары 8 триллион 266,8 миллиард теңге көлемінде болжануда, бұл бекітілген көлемнен 600,2 миллиард теңгеге артық", — деп қосты ол.