ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 2014 ЖЫЛДЫҢ ҚЫРКҮЙЕГІНЕН БЕРІ 200 МЛРД АСТАМ ТЕҢГЕ АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТЫ ЗАҢДАСТЫРДЫ
Мүлікті заңдастыру науқаны аясында 2014 жылдың қыркүйек айынан бері 205 млрд теңге қаражат заңдастырылды, деп мәлімдеді ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитеті қауіп-қатерлер, талдаулар және статистика басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Сағынаев ОКҚ-де өткен баспасөз конференциясында, деп жазады ҚР премьер-министрінің сайты.
«Бүгінгі таңда Қазақстанда заңдастырылған жалпы қаржы көлемі 205 млрд теңгені құрады», - деді Е.Сағынаев. Сонымен қатар, ол 2015 жылдың 1 желтоқсанына дейін экономикаға инвестицияланған қаржы көлемі 42 млрд теңгені құрап, екінші деңгейлі банктертердің облигациясын инвестициялауға жұмсалғанын айтып өтті.
«Қаржысы заңдастырылған тұлғалар енді өз ақшаларын ешқандай шектеусіз, қалаулары бойынша жұмсай алады. Бұл мәселеде біз қадағалау жасамаймыз. Заңдастыру жасаған субъектілердің жекешелендіру бағдарламасын қолдануларына құқық берілетінін айтқымыз келеді. Заңдастырылған қаржылар басқа да мемлекеттік нысандарға жұмсалуы мүмкін»,- деп түсіндірді ҚР Қаржы министрлігінің өкілі.
ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кіріс комитетінің даму және жетілдіру департаменті директоры Ержан Біржановтың мәліметінше, Қазақстанда 2015 жылдың желтоқсаны мен 2016 жылдың қаңтары аралығында 160 млрд теңге ақшалай қаражат заңдастырылды.
«Бұл өзгерістер науқан барысында оң әсерін тигізді. Ақша қаражаттарына, мүліктерді жария етуге байланысты өтініштер көптеп түсе бастады. Яғни, осыған дейінгі он бес ай ішінде атқарылғандарға қарағанда, біз соңғы үш айда үлкен нәтижеге қол жеткіздік. Бір сөзбен айтқанда, үдеріс тез жүре бастады. Жария ету мен рақымшылық акциясына қызығушылар да көбейіп келеді», - деді департамент директоры.
Ведомствоның мәліметінше, бүгінде барлығы 704 млрд теңге заңдастырылған, оның ішінде ҚР аумағындағы мүлік бойынша 498 млрд теңге сомаға, ҚР аумағынан тыс жердегі мүлік бойынша 1 млрд теңге сомаға.
Оған қоса, жылжымайтын мүлікті заңдастыру бойынша 62 мың өтінімнің тек 5 мыңы ғана коммерциялық жылжымайтын мүлік бойынша. Көптеген өтінімдерде қоғамдық маңызды жылжымайтын мүлік, инфрақұрылым, шағын наубайханалар, шағын балабақшалар, түрлі клубтар басым.