2014 ЖЫЛҒЫ 1 ҚЫРКҮЙЕККЕ ҚЫЗМЕТ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ
Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде шарттардың барлық түрлері бойынша БЖЗҚ салымшыларының (алушыларының) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10 031 668 бірлікті (алдыңғы аймен салыстырғанда 34 510-ға өскен), зейнетақы жинақтарының сомасы – 4 319,77 млрд. теңгені (65,49 млрд. теңгеге өскен) құрады. Жылдың басынан бергі таза инвестициялық табыс – 188,14 млрд. теңгеден асып түсті (15,38 млрд. теңгеге өскен) құрады. Зейнетақы төлемдерінің сомасы – 52,18 млрд. теңге (6,31млрд. теңгеге өскен).
Өңірлік желі
2014 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша БЖЗҚ-ның өңірлік желісі 239 қызмет көрсету офистерінде көрініс тапқан. Қордың өңірлік желісіне әрбір облыс орталығында, республикалық маңызға ие қалаларда (Алматы және Астана), сондай-ақ облыс қарамағындағы ірі қалаларда (Жезқазған, Семей) бір-бірден барлығы 18 филиал кіреді. Филиалдар жанынан 24 бөлімше және 197 Қызмет көрсету орталығы ашылды. Тамыз айында Алматы облысының Кербұлақ ауданында (Сарыөзек кенті) қызмет көрсету орталығы ашылды. Сондай-ақ, күздің аяғына дейін Қарағанды облысының Ұлытау ауданында (Ұлытау кенті) қызмет көрсету орталығын ашу жоспарланып отыр.
Барлық филиалдар мен көптеген қызмет көрсету орталықтары таңғы сағат 8-ден бастап кешкі сағат 19-ға дейін үзіліссіз және сенбі күндері таңғы сағат 9-дан күндізгі сағат 13-ке дейін жұмыс істейді. Қалғандары жұмыс күндері сағат 9-дан сағат 18-ге дейін ашық.
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары туралы
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша шартқа отыру жөніндегі жұмыстар жалғасуда. Ағымдағы жылдың 01 қыркүйегіндегі жағдай бойынша салымшылардың осы санаты үшін 319 530 ЖЗШ ашылған (+11,2 мың). Жылдың басынан бергі МКЗЖ бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 15 млрд. теңгеден асып түсті.