20 ЖЫЛ ӨНДІРІС ШЕБІНДЕ
Қызылордадағы «Қуат» ЖШС полиэтиленді құбырлар шығарып, өндірумен айналысады. Бүгінгі дағдарыс оларды сырт айналды. Қайта жұмыс қарқынды жүруде. Зауыт үздіксіз тапсырыстар қабылдауда.
«Қоғам» телеарнасы хабарлағандай, осыдан 20 жыл бұрын «Қуат» серіктестігі полиэтиленді құбырларға деген сұраныстың жоғары екенін білді. Содан зауыттың құрал-жабдықтарын шет мемлекеттерден сатып алып, іске кірісті. Қиындық пен ауыр кезеңдер артта қалды. Бүгінде Сыр өңіріндегі алдыңғы қатарлы полиэтиленді құбыр шығаратын зауытына айналды.
Тапсырыстар көгілдір газ, су, кәріз жүйелерімен айналысатын мекемелерден алынады. 5 жылдан бері Ресейдің «РосАтом» компаниясымен серіктес. «ҚазАтомөнеркәсіппен» де бірлесіп жұмыс жасауда. Құбырлар тапсырыстың түріне қарай шығарылады.
Техникалар Ресей, Германия, Қытайдан әкелінген. Қазақстанда шикізат алатын зауыт жоқ болғандықтан арнайы заттар Ресей, Оңтүстік Корея, Ираннан жеткізіледі. Зауыттың аяғынан тік тұруына мемлекеттен алған несие көмегі зор болды.
Мұнда 4 цех бар. Қосалқы цехтар да өз алдына. Тапсырыс көбіне жаз мезгілдерінде болады. Сондықтан да қарқынды жұмыс алдағы уақытта қызу жүрмек. 40-тай жұмысшы осы мекемеде адал қызметін атқаруда. Олар үшін дағдарыстың ауылы алыс. Қайта білікті де тәжірибелі мамандарға есік ашық. Жастарды да жұмысқа тартуда өз міндеттеріне алған. Олар 12 сағаттан 4 ауысым негізінде тоқтаусыз жұмыс жасайды. Бір күнде 315 диаметрлі құбырлардың 600 метрін шығаруға мүмкіндіктері бар. Тапсырыс аз уақыт ішінде орындалады.
Соңғы техника осындан 3 жыл бұрын Қытайдан сатып алынған. Оның мүмкіндігі орасан. 450-ден 630 мм ге дейін өлшемді құбырларды шығарады. Бүгінгі таңда скважина салатын құбырларға тапсырыстар келуде.