ІРКІЛІС ЖОҚ, ІЛГЕРІЛЕУ БАР
Соңғы бірер жыл бедерінде Қызылорда облысында барлық сала бойынша қарқынды даму байқалады. Оған Елбасы тапсырмасымен қабылданған мемлекеттік бағдарламалардың орындалу нәтижелері дәлел. Ауыл шаруашылығы, өндіріс, білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй салаларында ауқымды жұмыстар атқарылып, алдағы уақытқа одан да зор міндеттер қойылды.
Экономикасы жанданып келе жатқан Сыр өңірі бүгінде инвестиция салуға қолайлы аймақққа айналды. Кәсіпкерлердің инновациялық жобаларды жоғары қарқынмен жүзеге асыруы да Қызылорданың оң имиджін арттырды. Бұл, әлбетте, жарқын болашаққа бастайтын жол болмақ.