ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЗАУЫТ ӨНІМІ КӨРШІ ЕЛДЕРГЕ ЭКСПОРТТАЛУДА
Еуразиялық экономикалық одақ Сыр өңіріндегі шаруашылықтардың тынысын кеңейтті. Диқандар күріш алқаптарын ұлғайтты, деп хабарлады «24 кз».
Есесіне табыс та молая түскен. Білек күшімен диірмен тартып, кәсібін бастаған Бақытжан Тасболатов қазірде іргелі өндіріс ошағын басқарып отыр. «Қимылдаған қыр асады» дегендей, береке бастауы еңбекте екенін ерте ұғынған азамат өңірде өндірістік кластерді қалыптастыруға өзіндік үлес қосуға ниетті.
Сырбойылық Бақытжан Тасболатовтың еңсесін тіктеген – еңбек. Осыдан жиырма жыл бұрын 100 гектар жерге күріш егіп бастаған ол қазір өңірдегі іргелі өндіріс орнына иелік етеді. Мамандығы заңгер болса да, ен даладағы қызу тірліктен алыс кете алмады. Ауылдың басты табыс көзі егін шаруашылығына етене араласты.
Бақытжан Тасболатов, зауыт директоры:
- Басында кішкентай қол диірменнен бастадық. Одан кейін 2010 жылы менде идея туды. Одан кейін 2010 жылы менде осындай үлкен зауыт салу идеясы туды. Қазіргі заманға сай жұмыс істейміз деп осы зауытты құрдық.
Бақытжан Тасболатов төрағалық ететін шаруашылық өнімі тек ауыл арасында ғана емес, бүгінде Ресей, Әзірбайжан, өзбек пен қырғыз еліне экспортталуда. Жаңа технологияның арқасында зауытта тәулігіне 60 тонна Сыр маржанын ақтауға болады.
Ерболат Байдалиев, зауыт технологы:
- Қатарынан тұрған осы 3 аппарат күрішті ағарту міндетін атқарады. Одан кейін елекке түседі, електен күріштің майдасы аушақты екіге бөліп алады. Одан кейін ақ күріш шыққанан кейін компьютерге түседі. Бұл компьютер күріштің сарысы мен ағын бөліп, әрі қарай ақ күріш шығады. Ылғалды дақылды кептіріп, пайдаға жаратудың жолы бар екен. Кезінде жауын-шашында қалған күріш ысырап болып жататын. Мұндағы мамандар бұл мәселені Италиядан әкелген жаңа құрылғының көмегімен шешті. Сондай-ақ қалдықсыз өндірісті жолға қою мақсатында күріштен қалған күрмектен төрт түлікке жем дайындалады. Еңбекпен өнген іргелі зауыт мамандарының ендігі мақсаты – аймақта күріш кластерін қалыптастыруға сүбелі үлес қосу.