М.ӘБЕНОВ: КАДРЛАРДЫ ДАЙЫНДАМАЙ, ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУ МҮМКІН ЕМЕС
Президенттің Жолдауында қозғалған басты тақырыптардың бірі – жастарға кәсіптік білім беру. Бүгінгі таңда бұл мәселе талқыға салынып жатыр. Өйткені, кадрларды даярламай экономиканы дамуыту мүмкін емес. «Серпін» Ұлттық біліктілікті жоғарылату орталығы» АҰ директорлар кеңесінің төрағасы Мұрат Әбенов Strategy2050.kz ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында осындай пікірін білдірді, деп хабарлайды BNews.kz.
«Президенттің Жолдауында қозғалған басты тақырыптардың бірі – жастарға кәсіптік білім беру. Бүгінгі таңда бұл мәселе талқыға салынып жатыр. Зауыт, фабрика салуға, ақша салып, жабдықтарды сатып ауға болады, ал кадр даярламай, экономиканы дамыту мүмкін емес», - дейді М.Әбенов.
Оның айтуынша, кадрлар дайындау бүгінгі күннің негізгі мәселесі болып отыр.
«Қазақстан өңірлерінде үлкен айырмашылықтар бар. Мәселен, еліміздің 5 аймағында еңбек қорлары артылып жатса, 9 өңірде еңбек қоры мүлде жоқ. Бұл жағдайларды шешу үшін еңбек қорларының ішкі көшіп-қонуына мүмкіндіктер жасау керек. Екіншіден, көшірілген кадрлар дайын болуы тиіс. Бүгінгі күні осылардың барлығын біріктіретін тапсырмалар тұр», - дейді ол.
Осылайша, М.Әбенов Президенттің Жолдауы жастарға елімізге керекті мамандықтарды таңдауға септігін тигізеді дейді.
Естерінізге сала кетейік, Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылдың 30 қарашасындағы Жолдауында 2017 жылдан бастап «Барлығына арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» бағдарламасы іске асырылатынын айтқан болатын.