«ҚАЗАГРО» 2016 ЖЫЛҒЫ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА 60 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ АЛАДЫ
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі 2016 жылғы дала жұмыстары мен егін жинау науқанына мемлекет қазынасынан 60 миллиард теңге көлемінде қаражат алмақ. Бұл қаржы холдингтің барлық еншілес компанияларына үлестіріледі, - деп хабарлады «Астана» телеарнасы.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында басқарма төрағасы Нұрлыбек Малелов осылай деп мәлімдеді. Бүгінгі экономикалық қиындықтарға қарамастан, аграрлық-өнеркәсіптік кешенді несиелендірудің өткен жылғы шарттары сақталатынын жеткізді. Айта өтейік, ҚазАгроның еншілес компаниялары шаруаларға 5 пайыз көлемінде тікелей несие беріп келеді. Ал шағын қаржылық ұйымдар мен несие серіктестіктерінің жарнасы жылына 9 пайызды құрайды.