ОБЛЫС БИЗНЕСМЕНДЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ЖЕКЕ МЕНШІК ӘРІПТЕСТІК ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының бастамасымен Палатаның бизнес алаңында Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің XVI отырысы өтті.
Өңірлік Кеңес отырысына Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.Қожаниязов, «LAC Holding» компаниясының жобалар кординаторы Дмитрий Софронов, Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығының Басқарма Төрағасы Азамат Ойнаров пен Төраға орынбасары Ғалымбек Мамраев, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Дінмұхамед Абсаттаров, Өңірлік Кеңес Төрағасы Асқар Махамбетов және кеңес мүшелері мен мемлекеттік орган басшылары қатысты.
Кездесуге қатысушылар аймақта мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында жүзеге асырылатын жобалар легін, соның ішінде Қызылорда қаласында колледж ғимаратының құрылысы бойынша әңгіме қозғады. Сондай-ақ, тараптар МЖӘ жобаларын жүзеге асырудағы кәсіпкерлердің рөлі мен белсенділігі, жеке қаржы бастамасы, мемлекеттік қолдау шаралары, сонымен қатар МЖӘ туралы заң жобасына қатысты сұрақтары талқыланды.
Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың 10 шілдесінде Қызылорда облысының әкімдігі, «Қазақстандық мемлекеттік – жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ, «Халықаралық қаржы корпорациясы» және «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылған болатын. Меморандум өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға, бірлескен жобаларды іске асыруды қолдау арқылы мемлекет пен бизнестің өзара қарым-қатынасын нығайтуға зор ықпал етеді.
Бұл шараны Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы жергілікті бизнесмендерді тарта отырып, өз деңгейінде өтуіне барынша күш салуда. Мемлекеттік жеке әріптестік бойынша колледж құрылысына қызылордалық бизнесмендер қызығушылық танытты. Жыл соңына дейін өкілдер қайта кездесіп, бұл мәселені тереңірек талқылайтын болып келісті.
ҚР ҰКП Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі