КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР
Қызылордадағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында «Даму» қорының облыстық филиалы кәсіпкерлерге арнап «Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау құралдары» тақырыбында семинар ұйымдастырды.
Шараға «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «КазАгроФинанс» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау Қоры» АҚ және «Бастамаларды қолдау» ҚБ өкілдері жиналды.
Қор филиалының менеджері Индира Сүлейменова «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында мемлекет қолдауын иелену жолдары, бастауыш кәсіпкерлерге екінші деңгейлі банктер арқылы пайызы субсидияланатын несие алу үшін қажетті құжаттар мен шарттар туралы айтты.
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалының менеджері Жарасхан Тоғымов семинарға қатысушыларды мал шаруашылығы, өсімдік пен егін шаруашылығы және кәсіпкерліктің тағы басқа түрлеріне төмен пайыздық несие берілу жолдарымен етене таныстырды. Оның айтуынша, «Сыбаға» бағдарламасы бүгінде үлкен сұранысқа ие. Бұл ретте мүйізді ірі қараның еті бағытында жұмыс жасау үшін мал санын көбейтуге несие беріледі.
Бизнесті мемлекет тарапынан қолдайтын құралдармен таныстыруды «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ филиалының қызметкері Самат Табынбаев жалғастырды. Қордың негізгі қызметі – ауыл халқы мен ауыл шаруашылығы өнімдерін шығарушыларға шағын несие беру. Семинарға келген болашақ кәсіпкерлер «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020», «Егінжай», «Мурабаха», «Жылыжай» және «Кәсіпкер» сияқты бағдарламалар аясында шағын несие алу жолдарымен толық танысуға мүмкіндік алды.
Сондай-ақ ауыл шараушылығына қажетті техникалар мен құрал-жабдықтарды лизингке алу жолдары және суландыру жүйесін қаржыландыру сияқты маңызды ақпаратпен «ҚазАгроФинанс» АҚ филиалының несие менеджері Гүлмира Тентекеева жете түсіндірді.
Шараға қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырған - «Бастамаларды Қолдау» ҚБ төрайымы Мәдина Төлепованың «Шағын бизнес – үлкен мүмкіндіктер» жаңа конкурстық бағдарламасы. Бағдарлама аясында ауыл кәсіпкерлері кепілсіз және пайызсыз берілетін 1,5млн. теңгеге дейінгі несие ала алады. Бүгінде 14 ауыл кәсіпкері несиеге жоспарларын сәтті жүзеге асыруда.