ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ОРТАША ЖАЛАҚЫ 182 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
Қызылорда облысында халықтың жалақысы өсіп, екі қолға бір күрек тапқандар қатары артқан, деп хабарлайды BNews.kz.
Облыстық халықты жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, жұмыссыз ретінде жұмыспен қамту органдарында есепте тұрған азаматтар саны былтыр желтоқсан айының соңында 1,6 мың адамды құраған, бұл 2014 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 7,2%-ға аз.
«Облыста бір жұмысшының орташа айлық атаулы жалақысы да 1,3%-ға өсті. Қазір ол 104 мың теңгеден асады», - дейд Қызылорда облысы статистика департаментінің басшысы Мәриям Баевкеева.
Өнеркәсіпте еңбек етіп жүрген қызылордалықтар ең көп дегенде 182 264 теңге алса, көлік және қойма саласындағылардың жоғары орташа айлығы 144 214 теңгені, ақпарат пен байланыс – 155 066 теңге, қаржы және сақтандыру қызметінде 159 379 теңгені құрайды.
Статистика департаментінің мәліметіне сүйенсек, өңірде ауыл, орман және балық шаруашылығында, сондай-ақ балабақшаларда жұмыс істейтін халықтың табатын нәпақасы өте төмен.
Бір қызығы, Қызылорда өңірінде экономикалық белсенді халық саны шамамен 10 пайызға азайған. Мұның нақты қандай процеспен байланысты екені қазір анықталу үстінде.