ОБЛЫС ӘКІМІНДЕ МӘЖІЛІС: CАЛЫҚ БАЗАСЫН ҰЛҒАЙТУ
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Серік Жолдасбекұлы Мұстафаев облыс әкімінің мәжілісінде «Салық базасын ұлғайту» тақырыбында баяндама жасады.
Облыстың мемлекеттік кірістер органдарының 2015 жыл бойынша жұмыс қорытындыларына тоқтала отырып, Департамент басшысы, бюджетке салықтар мен төлемдерді өндіру бағытында аудандар мен ауылдық оқкугтердің бірқатар көрсеткіштеріне талдау жасады. Жергілікті атқарушы органдар назарын бюджет кірісін қамтамасыз етудегі жіті қадағаланып, белсенді атқарылуы тиіс кешенді шараларға аударды.
2015 жылдың қорытынды көрсеткіштері бойынша, мемлекеттік бюджеттің болжамы 106,6% орындалып, 76,4 млрд.теңге түсті, оның ішінде жергілікті бюджетке 38,7 млрд.теңге түсіп, болжам 103,9 пайызға орындалып 1,4 млрд.тенге болжамнан артық түсті.
Қызылорда қаласынан басқа барлық аудан бойынша кіріс басқармалары жергілікті бюджеттің белгіленген болжамын толығымен орындады.
Облыстық бюджеттің жылдық жоспары 124,6 пайызға орындалып, нақты түскені 6,7 млрд.теңге болып 1,3 млрд.теңгеге артығымен қамтамасыз етілді.
Атқарылған бақылау-экономикалық жұмыстары нәтижесінде:
- 275 кешенді және тақырыптық тексерулер бойынша 15,7 млрд.теңге салықтар мен төлемдер қосымша есептелінді (республикалық бюджетке - 7 687,8 млн.тенге, жергілікті бюджетке - 8 022,8 млн.тенге;
- салық төлеушілермен жүргізілген камералдық бақылау және басқа да бақылау шаралары бойынша жергілікті бюджетке 2,9 млрд.теңге қосымша салықтар мен төлемдер есептелді;
- мемлекеттік сатып алу шеңберінде бюджеттен қаржы алған салық төлеушілерге жүргізілген салықтық бақылау нәтижесімен 197 қатысушыдан 580,0 млн.теңге салық өндірілді;
- мемлекеттік кіріс органдары тарапынан жүргізілген жұмыстар (рейдтік, визуалдық байқау) нәтижесінде 1012 салық төлеуші жеке кәсіпкер ретінде тіркетілді;
- 85 объектіге жүргізілген хронометраждық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде салық төлеушілердің бір күндік табысы 9,2 есеге дейін, жекелеген салық төлеушілер бойынша 3 еседен 30 есеге дейін табысы өсіп, жұмысшылар саны 116 адамға көбейді;
- 14,7 млрд. теңгеге қарыз салықтар мен төлемдер азайтылып, бересі 83,0 пайызға азайды;
- кедендік құнды бақылау, тауарлардың дұрыс сыныпталуы бағыттары бойынша кедендік әкімшілендіру нәтижесімен бюджетке қосымша 1 млрд. 101 млн. теңге өндірілді;
- экономикалық тергеу саласы бойынша өткен жылы жалпы 324 қылмыстық құқық бұзушылықтар тіркеліп, одан 255 қылмыстық іс аяқталып,99 қылмыстық іс сотқа жолданды
- сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесінде 7,3 млрд.теңге мемлекетке келтірілген залал өтеліп, 56 млн.теңгелік мүлік мемлекет пайдасына өтті. Сот үкімімен жалған кәсіпорындардың контрагенттерінен 228 млн.теңге салықтар бюджетке өндіріліп, 19 млн.теңгені құрайтын тауарлар мемлекет пайдасына тәркіленді.
Мұнан соң, Департамент басшысы кәсіпкерлердің, әсіресе елде мекендердегі, тіркелу мәселелеріне, ауыл, кент әкімдерінің жер, мүлік, көлік салықтарын жинауды ұйымдастыруына, мемлекеттік сатып алу шеңберінде бюджеттен қаржы алған салық төлеушілердің табыс көлемін көрсетпеуі немесе кем көрсету жағдайларына тоқталды.
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев бірқатар мемлекеттік органдар басшыларына аталған бағытта бірлескен шараларды ұйымдастыруды және бақылауға алуды тапсырды.