ҚЫЗЫЛОРДАДА КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ САНЫ АРТТЫ
2015 жылы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалы жалпы құны 4,4 млрд.теңге болатын 76 субсидиялау келісімшарты бойынша жобаларды қолдады.
Ал кепілдендіру құралы жалпы құны 0,75 млрд. теңге 50 жобаға берілді. Соның арқасында жеке кәсіпкерлік субъектілері 1,6 млрд. теңге болған жеңілдетілген несиеге қол жеткізді. Оның ішінде 19 кепілдендіру құралын старт-ап жобалар пайдаланып, жұмыс бастады. 16 кепілдендірілген жоба ауылдық аймақта жүзеге асуда.
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының арқасында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің саны арта түсті. Бизнесті дамытуға бағытталған бірқатар бағдарламаға қатысушылардың арасында ауылдық аймақтағы кәсіпкерлер саны артты. «Даму» қоры «Бастамаларды қолдау» қоғамдық бірлестігі жүзеге асырып жатқан «Шағын бизнес – үлкен мүмкіндіктер» бағдарламасының сәтті жұмыс жасауына да өз үлесін қосты. 13 ауылдық кәсіпкер өздерінің инклюзивті және инновациялық бизнес жобаларының табысты бизнеске айналуы үшін кепілсіз және пайызсыз несие алып жұмыс жасап жатыр.
Шағын және орта бизнес субъектілерінің кәсіпкерлік әлеуетін арттыру мақсатындағы оқыту бағдарламалары аясында тегін оқуға 34 Қызылордалық топ-менеджер жіберілді. Осылайша, «Шағын және орта бизнес топ-менеджментін оқыту» жобасы бойынша «Назарбаев Университеті» базасында 12 кәсіпкер бизнес-тренингтенөтіп, ал «Іскерлік байланыстар» жобасы аясында «КИМЭП» университетінде және «ТұранПрофи» халықаралық академиясында бизнесі экономиканың басым секторында жұмыс жасайтын 22 жеке кәсіпкерліктің жоғары және орта басшылық буыны шетелдік және отандық бизнес-тренерлерден бизнесті дамытудың жаңа заманғы әдістерін үйренді. Жеке кәсіпкерлер Алмас Әділбаев және Ли Валера «Іскерлік байланыстар» жобасының екінші этапы аясында Германияға тегін бизнес-тәжірибелік сапарға барып қайтты.
«Аға сеньорлар» компоненті бойынша Даму Қорының Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалында жергілікті кәсіпорындарда басқарудың жаңа әдістерін енгізу мен қызметкерлерді қайта оқытуы үшін Нидерландыдан жоғары білікті мамандар шақырылды. Осы орайда Арал ауданында нан өнімдерін шығарумен айналысатын жеке кәсіпкер Мейрамкүл Шашауова және Қызылорда қаласындағы «БМС» медициналық клиникасының директоры Серік Жолболдиев шетелдік эксперт шақырту арқылы персоналын оқытудан өткізіп, сондай-ақ табысты кәсіпорынды басқарудың жаңа модельдерін де үйрететін мүмкіндікті тиімді пайдаланды.
«Даму-Көмек» және «Жұлдыздарға қара» бағдарламалары бойынша 25 мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге демеушілік көмек көрсетілді. Өз бизнесін құру немесе оны дамытуға берілетін 300 мың теңгеге дейінгі қайтарымсыз грантты «Жұлдыздарға қара» бағдарламасы аясында 5 мүмкіндігі шектеулі кәсіпкер ұтып алды.
Сонымен қатар Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының кеңесшілері тарапынан жыл бойы тегін әрі сапалы сервистік қолдау көрсетілді. Тәжірибелі кеңесшілер өздерінің қызметіне жүгінген кәсіпкерлердің бизнесі дамуына жұмыс жасайды. 2015 жылы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында кәсіпкерлерге жалпы саны 5446 қызмет көрсетілсе, соның ішінде кәсіпкерлік ниеттегі халыққа бухгалтерия, заң тұрғысында және маркетинг пен кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары бойынша тегін қызметтер ұсынылды. КҚКО базасында 2015 жылы бастауыш және әрекет етуші жеке кәсіпкерлік субъектілеріне арналып 60 тренинг – семинарлар ұйымдастырылды. Жастардың арасында инновациялық және кәсіпкерлік әлеуетті арттыру үшін қабылданып, жастардың старт-ап жобаларын қолдауға жұмыс жасайтын жаңа бағдарлама аясында «Бизнес-идеялар марафоны» Конкурсы ұйымдастырылып, нәтижесінде жеңімпаз кәсіпкерге жобасын жүзеге асыру үшін демеушілік көмек көрсетілді.