ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӨСІМІ 2015 ЖЫЛЫ 1,2 ПАЙЫЗДЫ ҚҰРАДЫ
Қазақстан экономикасының өсімі 2015 жылы 1,2 пайызды құрады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.
«Жақындап келе жатқан дағдарыс құбылыстарына қарсы шара ретінде Елбасы 2014 жылдың өзінде-ақ инфрақұрылымды дамытудың «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жария етті. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет экономика өсімін қамтамасыз ету жөніндегі жедел шаралар жоспарын және ерекше кезең жоспарын қабылдады. Осы шаралардың арқасында, алдын ала деректерге сәйкес, Қазақстан экономикасының өсімі 2015 жылы 1,2 пайызды құрады», - деді ол.
Б.Сағынтаевтың атап өтуінше, негізгі капиталға инвестициялар бірінші кезекте «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру есебінен 3,7 пайызға өскен.
«Сыртқы сын-қатерлерге қарамастан әлеуметтік саладағы ахуал тұрақты болып қалуда. Өткен жылы жұмыссыздық бес пайыз деңгейінде болды», - деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары.