ҰЛТТЫҚ БАНК ТЕҢГЕ БАҒАМЫНЫҢ ДӘЛІЗІН КЕҢЕЙТТІ
Теңгенің долларға шаққандағы бағамының дәлізі өзгерді. Бұл туралы брифинг барысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.
«Соңғы үш аптада бағам 1 долларға 182 теңге көлемінде ауытқып тұрды. Алтын валюта қоры 27,7млрд долларға артты. Сондықтан теңгені нығайтуға негіз бар. Бүгін теңге бағамының дәлізін өзгерту туралы шешім қабылданды. Нығайту шегі 15 теңгеге дейін өсті», - деп түсіндірді Ұлттық банк басшысы. Осылайша, теңге бағамының дәлізі 170 пен 188 теңге аралығында ауытқитын болады. Бұған дейін Қ.Келімбетов елдің төлемдік балансы жақсарып, тамыз айының қорытындысы бойынша алтын валюта қоры 27,7 млрд долларға өскенін мәлім еткен болатын. Теңге дәлізін өзгерту туралы мәселе өткен аптада талқыланды.
Негізінен, долларға қатысты теңге бағамын нығайту шегін +3 теңге көлемінде өзгеріссіз қалдыру жоспарланған. «Онда 181, 180 және 179 дегендер жақын арада болып қалуы мүмкін. Алайда ол қалыптасқан жағдайға да тәуелді болады», - деді Ұлттық банк басшысы 3 кыркүйек күні өткен баспасөз мәжілісінде. Естеріңізге сала кетейік, теңге бағамына өзгеріс 2014 жылы 11 ақпанда енген еді. Бір доллар үшін 145-155 теңге дәлізі 2009 жылдан бері сақталып келді.