МЕМЛЕКЕТ ПЕН ЖЕКЕ МЕНШІК АРАСЫНДАҒЫ ӘРІПТЕСТІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚОЗҒАЛМАҚ
Ағымдағы жылдың 11-12 қыркүйегінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы өкілдерінің Қызылорда қаласына кезекті жұмыс сапары жоспарланып отыр.
Бірінші күні Басқарма Төрағасы Азамат Ойнаров пен Төраға орынбасары Ғалымбек Мамраев Қызылорда облысының аймақтық кәсіпкерлер кеңесінің отырысына қатысады деп күтілуде. Тараптар МЖӘ жобаларын жүзеге асырудағы кәсіпкерлердің рөлі мен белсенділігі, жеке қаржы бастамасы, мемлекеттік қолдау шаралары, сонымен қатар МЖӘ туралы заң жобасына қатысты сұрақтарды талқыламақ.
Сондай-ақ, кездесуге қатысушылар аймақта мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында жүзеге асырылатын жобалар легін, соның ішінде Қызылорда қаласында колледж ғимаратының құрылысы бойынша әңгіме қозғайды.
Екінші күні МЖӘ орталығының басшылығы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевпен және «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы Жанат Саматпен кездеседі.