СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ МАМАНДЫҚТЫ БИЗНЕСКЕ АЙНАЛДЫРҒАН ОТБАСЫ
Кәсібін дамыту үшін 2012 жылы «БТА» банктен 9,25% пайызбен несие алған қызылордалық жеке кәсіпкер Темірлан Нұрпейісов бүгінде оны «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде субсидиялауда.
Несиенің 7%-ын мемлекет өтесе, оның үлесіне тек 2,25 %-ын өтеу ғана қалады. Мұндай арзан несиеге кәсіпкер мемлекет қолдауымен жетіп отыр. Темірлан Нұрпейісовтың Қармақшы ауданының Жосалы кентінде стоматологиялық клиникасы бар. Бизнеске ол сонау 2001 жылы келген. Өз мамандығын кәсіпке айналдырып, біраз жетістіктерге жетті. Ал 2009 жылдан бастап оның бизнесі отбасылық кәсіпке айналды. Себебі өмірлік жолдасы Набат Нұрпейісова да қолына тіс дәрігері дипломын алып, клиникада қызмет көрсете бастады.
- Біздің елімізде қазір ақылы клиникалардың жұмысы жақсы жолға қойылған. Себебі халықтың мұндай емханаларға сұранысы өте жоғары. Сонымен қатар емханаларда көрсетілетін қызмет түрлері сапалы болуы тиіс. Емхананы жаңа қондырғылармен жабдықтап, сапалы қызмет көрсету үшін қыруар қаржы қажет. Оны алу үшін екінші деңгейлі банктерден несие рәсімдеуге болады. Менің де шешімім осы болды, - дейді Темірлан Нұрпейісов.
Оның айтуынша, банктен несие алу оңайға соқпаған. Көптеген уақыт, күш-жігер және төзімділік қажет болған. Бірақ алдына қойған мақсатына жету үшін ұмтылысы оны сәттілікке әкелді.
- «БЖК-2020» бағдарламасы аясында банктен алған несиенің пайыздық үстемесінің жартысын мемлекет өтейді дегенді естігенде , мен оған сенбедім. Себебі 2009 жылы кәсібімді дамытуға өте қымбат пайызбен несие алып, оны тек өз күшіммен өтегенмін. Бірақ менің күмәнім субсидиялау келісім-шартына қол қойылып, несиенің пайыздық үстемесінің жартысынан көп бөлігін мемлекет өтейді деген шешімді көргенде бірден жойылды. Көпшілікке бизнесте биікке шығуым, ең бірінші өзіме-өзімнің сенуімде және мемлекеттің көрсетіп отырған қолдауында деп айтып жүремін, - деп кәсіпкер өз ойымен бөлісті.
Қазіргі таңда кәсіпкер Темірлан Нұрпейісовтың жемісті отбасылық бизнесі бар. Қармақшы ауданыны тұрғындарына тіс емдеу саласында сапалы қызмет көрсететін Нұрпейісовтардың клиникасын барлық ауыл тұрғындары біледі және мақтан тұтады.