2016 ЖЫЛЫ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҮЙ ҚҰРЫЛЫС КОМБИНАТЫ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ БАСПАНАҒА ҚАЖЕТТІЛІГІН 30%-ҒА ДЕЙІН АЗАЙТАДЫ
Қызылорда қаласындағы үй құрылыс комбинаты – «РМЗ-Шапағат» ЖШС-і 2016 жылы 20 мың ш.м. тұрғын үй салады, деп хабарлайды BNews.kz. «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ еншілес құрылымы – «ҚДБ-Лизинг» АҚ-мен қаржыландырылған жоба биылғы жылдың желтоқсанында Елбасының қатысуымен өткен «Қазақстанды жаңа индустриалдандыру. 2015 жыл қорытындысы» жалпыұлттық телекөпір барысында пайдалануға берілді.
ҚДБ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жобаның құны шамамен 1,5 млрд теңге, оның 884 млн теңгесі – лизинг затының (жабдық) құны, оған қаражатты «Өнімділік 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында «ҚДБ-Лизинг» АҚ 7 жыл мерзімге, жылдық 5% мөлшерлемемен берілді.
Қазіргі таңда «ҚДБ-Лизинг» АҚ, «WEILER» неміс компаниясы мен «РМЗ-Шапағат» ЖШС арасында қол қойылған келісімшарт аясында қаңқалы-панель, ірі панельді үйлердің құрылысында қолданылатын құрастырылмалы темірбетон және бетон өнімдер шығаратын технологиялық желілер жеткізіледі.
Жылына 35 мың ш.м. тұрғын үй салу және 126 718 ш.м. бос плиталарды шығару жоспарлы қуаттылығына комбинат 2018 жылы шығуды жоспарлап отыр.
«Лизингке алынған технологиялық желілер заманауи сапа талаптарына жауап береді және өнімнің кең ассортиментін шығаруға мүмкіндік береді. «Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы – «ҚДБ-Лизинг» компаниясының арқасында біз өңірдегі маңызды өнідірісті уақтылы ұйымдастырып, іске қоса алдық», - дейді «РМЗ Шапағат» ЖШС-нің бас директоры Мұрат Жақанов.
«Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес индустриялық құрылыс комбинаттарын құру «Қолжетімді баспана 2020» бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысындағы қазақстандық қамтудың үлесін арттыруға мүмкіндік беретін, жаңа жұмыс орындарын ашатын басым бағыттардың бірі», - дейді «ҚДБ-Лизинг» АҚ Басқарма төрағасы Алексей Боев.
«РМЗ-Шапағат» ЖШС Қызылорда облысының құрылыс, энергетика және мұнай-газ өнеркәсібі саласында қызмет көрсететін ірі кәсіпорындарының бірі. Компанияның Қызылорда қаласында және Құмкөл, Арысқұм, Қызылқия кен орындарында өндірістік-техникалық базалары бар.