«БИЗНЕСТЕГІ ӘЙЕЛДЕР» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛАТЫН ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ БІРІНШІ ЖОБА
«Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында «Даму қоры» АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалы, «БанкЦентрКредит» АҚ филиалы және жеке кәсіпкер Пасынкова Натальяның арасында үшжақты кепілдендіру келісімшарты қабылданды.
Кәсіпкердің жобасы – «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасы аясында қаржыландырылатын Қызылорда облысындағы бірінші жоба. Биыл еліміздегі әйелдер арасында кәсіпкерлікті дамытуға Еуропалық қайта құру және Даму банкінен (ЕҚДБ) «Даму» Қорының кепілдігімен «БанкЦентрКредит» АҚ-на қаржы бөлінген болатын. «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасына бағытталатын ЕҚДБ қарызының маңызды шарты, онда салалық шектеу жоқ, талапқа сәйкес қарыз алушы кәсіпорынның жарғылық капиталындағы әйелдердің қатысу үлесі 50%-дан кем болмауы керек және жеке кәсіпкер ретінде жұмыс істейтін әйел басқаруы тиіс.
Бизнес-леди Наталья Пасынкованың жобасының құны 5 650 000 теңгені құрайды, банктен алынған несие қаражатын кәсіпкер кондитерлік цех ашуға мүлік және қондырғы алуға бағыттамақшы. Банк Центр Кредит банкінен несие рәсімдеу ушін жеке кәсіпкерге Даму Қорымен жоба сомасының 85 пайызын құрайтын кепілдеме берділді.
Наталья Пасынкованың қоғамдық тамақтандыру саласында аспазшы ретінде өте улкен тәжірибесі бар, мамандығын бизнеске айналдыру ойын кәсіпкер 2014 жылы жүзеге асырған. Бастапқы кезде үйден тапсырыс алып, үлкен жиындар мен іс-шараларға өз қызметін ұсынған бизнес-леди, кейін тапысырыстың көбеюіне байланысты өз ісін кеңейтуді ойлаған. Осы ретте бастапқы қаражат жинақтап, бизнес-жобасын банкке ұсынған. Қазіргі таңда сол ойын іске асыруға кәсіпкер Наталья Пасынковаға мемлекеттік бағдарлама септігін тигізуде. Шағын ғана кондитерлік цехта жеке кәсіпкер үш адамды жаңа жұмыс орны мен қамтитын болады. Натальяның сөзінше, бастапқы кезде клиенттік база өзінің бұрынғы жұмыс берушерінен құралған, ал кейінірек тұтынушылар саны артып, ісі оңға басқан. Статистикалық көрсеткіштерге сүйенсек, кондитерлік өнім өндіру нарығы қазіргі таңда кәсіпкерлікті жүзеге асырудың ең тиімді саласы болып табылады. Бұл салада өнім өндіру соңғы жылдары тұрақты өсіп, мезгіл таңдамай, жыл бойы сұранысқа ие болатын болғандықтан, өркендеп отыр. Өз кәсібін дамыту жолында жеке кәсіпкер өндірілетін өнімге бәсекелестерден төмен баға ұсынатындығын жеткізді.