«ЗЕРНОВАЯ ДОЛИНА» ЖШС-НІҢ «ЖАЙМАСЫ» ЖОҒАРЫ СҰРАНЫСҚА ИЕ
«Зерновая Долина» ЖШС бес жылдан бері Қызылорда облысының халқын сапалы әрі дәмді өнімдермен қамтамасыз етіп келеді.
Компания директоры Құрбанбек Қожасов кәсіпкерлік жолындағы қадамын 1997 жылы саудамен, оның ішінде ұн және макарон өнімдерін сатумен айналысудан бастады. 2001 жылы өнім өндіруді қолға алды. «Зерновая долина» ЖШС – Қызылорда облысындағы жайма мен макарон өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорындардың бірі. Өндірісті іске қосу үшін кәсіпкер қажетті құрал-жабдықты несиеге сатып алды және сол несиенің үстеме пайызы «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытуға арналған бірегей бағдарлама аясында субсидияланады.
Компанияның шығаратын өнімдері нарықта сапасы мен тиімді бағасының арқасында үлкен сұранысқа ие. Кәсіпкер шикізатты тікелей өндірушіден сатып алғандықтан тауарын төмен бағаға сатады. Әсіресе, «Жаймасы» көп өтеді. Компания нан өнімдерін де шығарады.