ЖАС ОТБАСЫ ӨЗ КҮШТЕРІМЕН ЖАҢАҚОРҒАН КЕНТІНДЕ БИЗНЕСІН АШТЫ
Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында жас отбасы кондитерлік өнімдер шығаруды кәсіп етіп, шаруаларын дөңгелетіп отыр.
Жеке кәсіпкер Ляззат Төлегенова мен Медет Машаев Жаңақорған ауданының тумалары. Жас отбасы өз күштерімен Жаңақорған кентінде бизнесін ашып, шағын кондитерлік цех өнімдерімен халықты қуантып отыр.
Жас кәсіпкерлер бизнеске алғашқы қадамды 2013 жылы бастады және жергілікті нарықты зерттеп, алғашқы бастама капиталды жинақтау арқылы қажетті құрал-жабдықты сатып алып, шағын цех ашты. Бизнеске қадам басқан жас отбасы үшін ең қызықтысы, 72мың халқы бар Жаңақорған ауданына кондитерлік өнімдер Оңтүстік Қазақстан облысынан, көбіне Кентау қаласынан әкелінетіндігі болды.Көршілес өндірушілерге бәсекелес атанып, тапқырлығы мен еңбекқорлығы арқасында бизнестері алға басып, Кент тұрғындарын сапалы өніммен қамсыздандырып отырған. Ляззат пен Медет бүгінде 5 тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Осылайша жас отбасы ауданның шағын және орта бизнесі артуына өз үлестерін қосуда. Жас бизнес-леди Ляззат Төлегенованың сөзінше, оларға табыс бірден келмеді, алайда отбасымен бірге қиыншылықтарға төзіп, қажырлы еңбекпен осындай жетістіктерге жеткенін айтты.
- Бизнес бастаған аз уақыт ішінде Жаңақорған ауданына өнімдеріміз таралып, брендіміз танымал бола бастады және отандық өнімдердің облыстық көрмесіне де қатысуға мүмкіндік алдық. Ауданның шағын және орта бизнесін дамытуға қосқан үлесіміз үшін ойламаған жерден қатарынан үш рет облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен аудан әкімі Руслан Рүстемовтен алғыс хаттар да алдық. Мені қуантатыны, мемлекетіміз жастардың кәсіп ашуына қолайлы жағдай жасап қана қоймай, оларды бағалап, көңілден таса қалдырмай отырғандығы. Бастауыш кәсіпкерлерге әрқашан қаржат пен бірге білім керек, әрине ең бастысы ол алға қойған мақсат пен арман, бірақ білімсіз тығырықтан шығу қиын. Кәсіпкерліктің бастапқы негіздері туралы біліміміз жоқтығынан бірқатар қиындықтардың шешімін білмей жатқанымыз жанымызға батқандықтан, жолдасымызбен бірге бүгінде Даму Қорының бизнесті жүргізу мен дамытуға бағытталып ұйымдастырылатын барлық семинар-тренингтеріне қатысып жүрміз,- дейді Ляззат Төлегенова.
Үстіміздегі жылы Медет Машаев «Шағын және орта бизнес Топ менеджментін оқыту» жобасы аясында Назарбаев Университеті базасында үш күндік оқудан өтіп келді, ал жұбайы Ляззат Төлегенова Даму Қорының жастардың старт-ап жобаларын қолдауға бағытталған оқыту курсына қатысып, өз бизнесін дамытуға арналған бизнес-жоспарына таныстырылым жасады. Аталған Бағдарламаға қатысушы атанған кәсіпкерлер отбасы мемлекет аясында өз бизнесін дамытуға қолдау тапты. Қазіргі таңда кәсіпкер «Банк Центр Кредит» АҚ жүзеге асыратын «Бизнестегі әйелдер» Бағдарламасы аясында несие алуы үшін Даму Қорының кеңесшілеріне тегін бизнес-жоспарын жасатуда. Алдағы уақытта несие қаражатына жаңа қондырғы алып, ұсынылатын өнім түрлері мен өндіріс көлемін арттыруда көздейді.