ҚЫЗЫЛОРДАДА ӨСІМДІК МАЙЫН ӨНДІРУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
Қызылорда облысында тамшылатып суару әдісімен 12 мың гектар жерге майлы дақылдар егу, одан өсімдік майын өндіру жоспарланып отыр. Бүгінде оған Иран мемлекетінен инвестиция тартылуда, - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
Ауыл шаруашылығы саласында одан да бөлек ауқымды жұмыстар атқарылмақ. Индустрияландыру бағдарламасына енгізілген автоматтандырылған жылыжай кешендерін жүзеге асыру мақсатында «Жоғары Аграрлық Одақ» және ҚазАгроМир» ЖШС жұмыстар атқаруда.
Фермерлер ірі типтік бордақылау алаңдарын салуға үлкен қызығушылық танытуда. Жыл соңына дейін Қазалы ауданындағы «Сыр маржаны» ЖШС 500 бас, Сырдария ауданындағы «Шаған-жер» ЖШС 3 000 бас сиырға арналған кешенді бордақылау алаңын салуды жоспарлап отыр. Жалағаш ауданында осындай нысан келесі жылы салынады.