ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ АГРАРИЙЛЕР 54 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ӨНДІРДІ
Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің көлемі мен фермерлердің мал шаруашылығын қолдау бағдарламаларына қатысу көрсеткіші жылдан жылға өсіп келеді, деп хабарлайды BNews.kz.
«Былтырғы жылмен салыстырғанда өңірде ауыл шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдау 2,2%-ға өскен. Жыл басынан бері 54 млрд теңгеден астам қаржының өнімі өндірілді, яғни өткен жылғыға қарағанда бірнеше пайыздық өсім байқалады», - деп атап өтті Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ақпаратынша, соңғы 20 жыл ішінде ең үздік көрсеткішке күріш өсірушілер ие болған. Олар бір гектардан 50,5 центнер өнім жинаған. Өткен жылы да күріш өсірушілердің жетістігі жаман болмаған еді – бір гектардан 50,1 центнер.
«20 мың тоннадай тұқымды сақтап қойдық. Күріш бойынша тұқым қоры жылдан жылға жақсарып келеді», - деп нақтылады Қожаниязов.