СЫР ӨҢІРІНІҢ ҚАЗБА БАЙЛЫҒЫ ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЖЕТІНЕ ЖАРАТЫЛАДЫ
Сыр өңірі пайдалы қазбаларға бай. Соның ішінде көмірсутек шикізаты (мұнай, газ, конденсат), түсті металдар – алтын, күміс, қорғасын, цинк, қара металдар – темір, титан, ванадий, радиоактивті металдар – уран маңызды шикізат ресурстары болып табылады. Облыста ас тұзының, мирабилиттің және тенардиттің де үлкен қоры шоғырланған.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы экономикасының өсуі негізінен тау-кен және мұнай-газ өнеркәсібімен байланысты болып отыр. Осы орайда Елбасы шикізат ресурстарын өңдеп, экономика салаларын әртараптандыру арқылы оның тиімділігін жаңа сапалық деңгейге көтеруді міндеттеді. Нарықтық экономика жағдайында мине¬рал¬дық шикізат қорын тиімді пайдалану облысымыздың қарқынды дамуына қол жеткізуге мүмкіндік береді. 1994 жылы Қа¬зақстан Респуб¬ликасында жер қой¬науын қорғау және пайдалану концеп¬циясы дайындал¬ды. Концепция негізінде Қазақстан Республи¬ка¬сы Геология және жер қойнауын қорғау ми¬нистр¬лігімен қатты пайдалы қазбалар, көмірсутек ши¬кізатына байланысты геологиялық зерттеулер мен жер қойнауын игеру және гидрогеология, гидро¬экологиялық зерттеулер жүргізу бойынша ұзақ мерзімді инвестициялық бағдарламалар жасалды.
Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру туралы тапсырма берген. Тапсырманың орындалуы үшін ең бастысы елімізде геологиялық сала мен минералды-шикізат базасын дамытып, минералды-шикізат базасының бағдарламасын кеңейту мақсатында болашағы зор алаңдар мен рудалы кен шығатын объектілерге іздестіру-бағалау және барлау жұмыстарын жүргізу қажет.
Осы бағытта 2012-2015 жылдар аралығында кең таралған пайдалы қазбалары бойынша облыстың жер қойнауын пайдаланушыларының өз күшімен жүргізілген барлау жұмыстарының қорытындысымен пайдалануға қажетті 13 кен орын ашылып, қазіргі таңда кен орындар бойынша өндіру жұмыстарын жүргізуде.
Қызылорда облысы аумағында жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шарттардың негізгі үлесі кең таралған пайдалы қазбаларға тиесілі.
Пайдалы қазбалардың түрі және оларды пайдалану мақсаты бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды 5 топқа бөліп қарастыруға болады, олар:
1. Ас және техникалық тұздар. Кен орындар Арал ауданында орналасқан.
2. Саз және құм жер қойнауын пайдалану кен орындары Қызылорда қаласына және аудан орталықтарына жақын маңдарда орналасқан. Пайдалы қазбалар құрылыс саласында кеңінен пайдаланылады.
3. Грунтты карьерлер (саз, құм, құмды қиыршық тасты қоспа). Мұнай-газ кен орындарында орналасқан. Өндірілген пайдалы қазбалар жол құрылысына пайдаланылады.
4. Доломит, әк-тас, құрылыс құмдары, құм-қиыршық тас қоспасы. Пайдалы қазбалар жол - құрылыс материалдарын шығаруға пайдаланылады. Кен орындар негізінен Шиелі және Жаңақорған аудандарында шоғырланған. Әк-тасы кен орны негізінде Шиелі ауданында «Шиелі-Тас Оңтүстік» ЖШС-мен әк шығаратын зауыт ашылды. Алдағы уақытта бұл кәсіпорында силикат кірпіш өндірілетін болады.
5. Кварц құмдары. Кен орындары Арал ауданында орналасқан. Кварц құмдары шыны өндірісінде кеңінен қолданылады. Қызылорда облысының индустриялық жобасы бойынша «Шыны зауытының құрылысын» салу жоспарлануда. Зауыт іске қосылғаннан кейін Арал ауданында орналасқан кварц құмдарының өндіру жұмыстарының қарқыны әлдеқайда күшейе түседі.
Қызылорда обласында қатты пайдалы қазбаларның негізгі өндіріліп және барлау жасалып жатқан қазба байлықтарының түрлері – уран, полиметал рудалары, ванадий. Қызылорда облысы аумағындағы уран және ванадий сияқты пайдалы қазбалар қоры әлемдік дәрежедегі қорлар санатына жатады. Негізінен Шиелі және Жаңақорған аудандары аумағына тиесілі Қаратау тауы бөктерінде геологиялық зерттеу жұмыстарын толық жүргізу Қызылорда облысында маңыздылығы және қоры жағынан маңызды кен орындарын ашуға мүмкіндік беретіні сөзсіз.
«Тек Казинвест» ВЭК» ЖШС-мен Қарамұрын рудалы алаңының орталық учаскелеріне жүргізілген іздестіру жұмыстарының қорытындысымен 01.01.2007 жылғы жағдайға С1+С2 санаты бойынша алтынның қоры 11 871 кг құрады, ал болжамдық қоры Р1+Р2 санаты бойынша 186116 кг құрады. Геологиялық барлау жұмыстары келесі жылы аяқталып, мекеме өндіру жұмыстарын бастауды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, аудан ванадий қорымен қамтылған. Ванадий қоры бойынша Қазақстан әлем жүзінде бірінші орында. Ванадий қорының ең үлкен бөлігі Қызылорда облысының аумағында орналасқан. Ванадидің балансқа енбеген қоры 2008,3 мын.тонна. Ауданда ванадий рудаларының 2 кен орны бар, олар: «Бала-Саусқандық» және «Құрымсақ».
«Құрымсақ» учаскесіне геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін «Байқоңыр» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы АҚ-мен 2014 жылы келісім-шарты берілген. Қазіргі таңда «Құрымсақ» учаскесі бойынша барлау жұмыстары жүргізілуде.
Байқоңыр» ӘКК» ҰК АҚ-мен Байжарқын алаңында мыс, алтын және тағы да басқа қосымша құрамдас пайдалы қазбаларға іздеу-бағалау жұмыстарын жүргізілуде. Сырдария учаскесінде орналасқан темір және полиметалл рудаларына іздеу-бағалау жұмыстарын жүргізу үшін геологиялық бөлісім алынды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан геологиялық барлау саласы бойынша әлемдік нарыққа шығуға тиіс. Тиісті заңнаманы жеңілдете отырып, бұл салаға шетелдік инжинирингтік компаниялардан инвестиция тартқан жөн.
Шетелдерден инвестиция тартуды толықтай елімізге білім мен жаңа технологиялар трансферттеу үшін пайдалану керек. Шетелдік компаниялармен бірлесіп, жобалық және инжинирингтік орталықтар құру қажет. Бізге ірі мұнай-газ және тау-кен металлургиялық нысандарында жұмыс істейтін жетекші трансұлттық компанияларды олар осында өз қажеттілігі мен сервисін қамтамасыз ету үшін өндірістер құруға шақырғанымыз жөн.
Елбасы жоспарында кейбір ірі компаниялардың бұған дайын екендігін, жабдықтарды өз елімізде өндіруімізге де болатын кезде шет елден тасымалдаудың қажеті жоқ екендігін атап өтті. Үкіметке осы мәселені қайта пысықтап, қажет болған жағдайда бұл үшін барлық жағдайды жасауға тапсырмалар да берілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметі геологиялық барлау жұмыстарының жүргізілуі мен дамуына аса көңіл бөледі.
Қызылорда өңірінде халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету күнделікті күннің негізгі мәселесі болып табылады және жер асты суларын пайдалану мен іске жаратудағы қажеттіліктерді арттыра түседі. Ауыз судың қала мен елді-мекендерде жетімсіздігіне байланысты, елді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметімен 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ-бұлақ» салалық бағдарламасы жасалды.
Қызылорда облысының көлемінде 2012 жылдан басталып және 2013 жылы бюджеттік бағдарламалар бойынша 24 елді-мекендерде іздестіру-барлау жұмыстары аяқталып, 24 ұңғыма қазылып, Оңтүстік Қазақстан аймақаралық пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі комиссияның хаттамаларымен, сөткесіне 13322,6 текше метр (м3/сут) жер асты су қорлары 27 жылға бекітілген.
2012-2013 жылдары Қызылорда облысындағы «Рисоводческое» жер асты кен орнының су қорын қайта бағалау үшін жіте барлау жұмыстарын жүргізу нысаны бойынша атқарылған жұмыстар бойынша, сөткесіне 35571,29 текше метр (м3/сут) жер асты су қорлары 27 жылға бекітілген.
Қызылорда облысының көлемінде 2013 жылдан басталып және 2014 жылы бюджеттік бағдарламалар бойынша 18 елді-мекендер бойынша іздестіру-барлау жұмыстары аяқталып, 18 ұңғыма қазылып, сөткесіне 15084,8 текше метр (м3/сут) жер асты су қорлары 27 жылға бекітілген.
2013-2014 жылдары Қызылорда облысындағы «Қармақшы» жер асты кен орнының су қорын қайта бағалау үшін жіте барлау жұмыстарын жүргізу нысаны бойынша атқарылған жұмыстар бойынша, 3 ұңғыма қазылып, сөткесіне 21600,0 текше метр (м3/сут) жер асты су қорлары 27 жылға бекітілген.
Қызылорда облысының көлемінде 2014 жылы бюджеттік бағдарламалар бойынша 29 елді-мекендерде іздестіру-барлау жұмыстары басталып, 30 ұңғыма қазылып, казіргі таңда жер асты суларының қорларын бекіту жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, Қызылорда облысындағы «Тереңөзек» , «Айнакөл» , «Қызылорда» жер асты кен орындарының су қорларын қайта бағалау үшін жіте барлау жұмыстарын жүргізу нысандары бойынша, барлығы 5 ұңғыма қазылып, казіргі таңда жер асты суларының қорларын бекіту жұмыстары жүргізілуде.
2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-У «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жергілікті атқару органдарына елді мекендер үшін жерасты суларына іздестіру-барлау жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу жүктелгенін назарға ала отырып, Геология және жер қойнауын пайдалану Комитетінің бұйрығымен 2015 жылы Қызылорда облысының жергілікті атқару органдарына жаңа және ауыспалы нысандар бойынша жобалық-сметалық құжаттарды өткізу жұмыстары жүргізілді.
Қызылорда облысының көлемінде 2015 жылы бюджеттік бағдарламалар бойынша 14 елді-мекендерде іздестіру-барлау жұмыстары басталып, ұңғымалар қазу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, Қызылорда облысындағы «Сунақата», «Байқожа», жер асты кен орындарының су қорларын қайта бағалау үшін жіте барлау жұмыстарын жүргізу нысандары бойынша далалық жұмыстар жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жыл 21 мамырдағы №526 қаулысымен «Қазақстан Республикасындағы геологиялық барлау жұмыстарының 2015 – 2019 жылдарға арналған бағдарламасы (әрі қарай Бағдарлама) бекітілді.
Бағдарламаны іске асыруға арналған қаржылық шығындар республикалық бюджет, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылар есебінен қарастырылады.
Бағдарламаны іске асыру мерзіміне республикалық бюджеттен барлығы 119 720 млн. теңге қаралған. Бағдарламаны қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық бюджетті бекіту кезінде нақтыланатын болады.
Бағдарлама бойынша Қызылорда облысында Ұлттық қордан (Республикалық бюджеттен) қаржыландырылатын 4 жоба бойынша жұмыстар атқарылуда.
1. «Қызылорда облысы Қармақшы ауданында тереңдігі 3500 метрлік тіректі-параметрлік ұңғыманы қазу» жобасында ұңғыманы бұрғылау жұмыстарын жүргізуге «Ақпан» ЖШС-і мердігер ретінде танылған.
Бағдарламаға сәйкес жұмыстар 2015 – 2016 жылдар аралығында атқарылады. Атқарылатын жұмыстардың сметалық құны 1,4 млрд теңгеден асады, оның шамамен 1,0 млрд теңгесін игеру 2015 жылға жоспарланып отыр. Бүгінгі күнге Ақбұлақ П-1 ұңғымасының 2551 м тереңдігі бұрғыланып, кондуктор және техникалық колонналары түсіріліп, цементтелді. Бұрғылау жұмыстары бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес атқарылуда. Жоба бойынша бұрғылау жұмыстарымен 1 ауысымда 40 адам жұмыспен қамтылуда.
2. «Өңірлік, геологиялық-түсіру және іздеу-бағалау жұмыстары» 040 Республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша Қызылорда облысы аумағында (Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары) «Өңірлік тірек кескіндері бойынша кешенді геологиялық-геофизикалық зерттеулер (геотроверстер)» жұмыстарын жүргізу 2015 – 2017 жылдарға жоспарланған.
Аталған жұмыстарға мердігер мекеме ретінде «НПФ Данк» тартылған.
Геологиялық-геофизикалық жұмыстарды жүргізу 2015 – 2017 жылдарға жоспарланған. Бұл жұмыстар облысымыздың Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарында жүргізіледі.
Жұмыстардың негізгі мақсаты заманауи технологиялар базасында өңірлік тіректер бойынша алынған геофизикалық мәліметтер арқылы жер қыртысының тереңдік құрылымын, шөгінді жыныстардың көлемін, фундамент және жер қыртысының одан да төменгі қабаттарының құрамын анықтау, тектоникалық элементтердің және тектоникалық аудандардың шекараларын анықтау.
Аталған жоба бойынша барлығы 710 текше км геофизикалық профильдң 37% (263 текше. км) Қызылорда облысы аймағын қамтиды.
Бүгінгі күнге жоба бойынша келесі жұмыстар атқарылды:
• МОГТ-2Д (жалпы тереңдік нүктесі бойынша сейсмикалық барлаудың екі кескінді әдісі) сейсмикалық барлау жұмыстары – 231 текше.км;
• МОВЗ (жер сілкінісінің көлемдік толқындары әдісі) – 216 текше.км;
• МТЗ (магнитті-пішінді зондылау әдісі) – 378 текше.км;
• Профиль бойымен аэрогеофизикалық түсіру – 10000 текше.км.
Жұмыстардың сметалық құны 3,9 млрд теңгеге жуық. Қызылорда облысы аумағында бағдарлама бойынша осы жылы 430,0 млн.теңгеден аса қаржыны игеру жоспарлануда.
Жобаның іске асыру нәтижесінде Сырдария ойпатының тереңдік геологиялық құрылымы мен металогенезиялық бағытарын зерттеу арқылы аймақтың заманауи геолого-геофизикалық және геодинамикалық үлгісі құрылатын болады.
Жоғарыда аталған екі жоба арқылы, өткен кезеңде геологиялық тұрғыдан зерттелуі төмен болған сырдария ойпатының құрылымына қажетті деңгейде көз жеткізе алатын боламыз.
Осы жұмыстар нәтижесінде сырдария ойпатында нақтылама геологиялық барлау жұмыстарын қажет ететін бірінші кезекті құрылымдар мен аудандар анықталады.
Ескі заманнан игерілмей келе жатқан сырдария ойпатының қазба байлықтарын ел игілігіне пайдалануға зор мүмкіншілік беретіні сөзсіз.
3. 2014 жылы Шиелі ауданының «L-42-122-Б, L-42-123-А парақтарында, Ақжар рудалы алаңында алтын, мыс пайдалы қазбаларына іздеу жұмыстарын жүргізу» жобасы бойынша жалпы көлемі 736 км2 аумақта жобалық сметалық далалық жұмыстар, оның ішінде: тау-кендік, іздеу ұңғымаларын бұрғылау, магниттік барлау, электрлік барлау, анықталған аномалияны нақтылау жұмыстары жүргізіліп, ағымдағы жылы жалғастырылып жатыр.
Жұмыстардың сметалық құны 958 млн теңге. Ағымдағы жылы іздеу жұмыстарын 479 млн теңге игеру жоспарланып отыр.
4.Ағымдағы жылы «Аймақтық, геологиялық түсірілімдік, іздеу-бағалау, іздеу-барлау 040 бюджеттік бағдарламасы» бойынша «Қызылорда облысының L-42-135-Б парағының, Дарбаза учаскесіндегі алтын, мыс рудаларына іздеу-бағалау жұмыстарын жүргізу туралы» жобасына сәйкес «Қазгеология» ҰГК АҚ-мен алтын, мыс рудаларына іздеу-бағалау жұмыстары басталды. Бүгінгі күнге тау-кендік жұмыстар, яғни: канавалар мен шурфтар қазу, сынамалар алу, топографиялық түсірілімдер жасау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыстарды 2015-2017 жүргізу жоспарлануда. Жұмыстардың сметалық құны 483 млн теңгені құрайды. 2015 жылға игеруге жоспарланғаны - 128 млн теңге.
Қызылорда облысының аумағындағы жер асты суларының жағдайына және тиімді пайдалануына режимдік бақылаулар жасау, олардың режимі мен балансын зерттеу нысанының 054 бағдарламасы бойынша барлығы 54 млн теңге игеру жоспарлануда, оның ішінде 2015 жылы 15 млн теңге және қосымша лимит бойынша 7,1 млн теңге.
Жоғарыдағыны баяндай келе Қазақстан Республикасындағы геологиялық барлау жұмыстарының 2015 – 2019 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес, Қызылорда облысында барлығы 4,3 млрд теңге көлемінде қаржы игеру жоспарлануда, оның ішінде 2015 жылы – 2 млрд теңге.
Қуаныш РАХМАНБАЕВ,
Қызылорда аймақтық геология және жер қойнауын пайдалану инспекциясы басшысының міндетін уақытша атқарушы