СЫРДЫҢ КҮРІШІН NESTLE КОМПАНИЯСЫ ПАЙДАЛАНУДА
Дүние жүзіне белгілі Nestle компаниясы Қызылорданың ұсақ күрішін балалар және таңғы ас тағамдарын жасау өндірісіне пайдалануда, деп хабарлады www.24.kz.
Сапалы әрі дәмді дақылға шетелдік бизнес құрылымы ерекше қызығушылық танытып отыр. Өңірдегі Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ерәлиев басқаратын іргелі кәсіпорын ақталған күріштен бөлек, майланған және ұсақталған өнімін де экспортқа шығаруда. Кластерлік жүйе қалыптасқан кәсіпорын күрішті өздері егеді, жинайды, өңдейді. Серіктестік биылғы күзде 3,5 мың гектар алқаптан егін орып, орта есеппен гектарына 50 центнерден өнім жинады. Қамбаға толған астық бірнеше сатылы процестен өткен соң дайын өнімге айналады. Жалпы, зауыттың жылдық қуаттылығы - 22 мың тонна. Сапалы өнімге қашан да сұраныс жоғары. «Абзал және К» толық серіктестігінің күріші республиканың барлық өңірлерінің сауда сөрелерінде тұр. Сондай-ақ Орта Азия мен Таяу Шығыс мемлекеттерінен түскен тапсырысты да қанағаттандыруда. Енді, міне, әлемдік деңгейдегі алып Nestle компаниясы да Сырдың ақ күрішін аттай қалап отыр.
«Ол компания Қазақстан нарығында ірі күріш өндіруші ретінде бізді таңдап, осында келіп аудитін жүргізді. 2015-2016 жылдардағы келісімшарт создырылып, 2015 жылға қарағанда көлем белгілі бір мөлшерде артты», - дейді сату бөлімінің басшысы Айгүл Қосмұратова.
Қызылордалық күрішшілерге Қытай мен Ресей басты бәсекелес болып тұр. Сондықтан нарық сұранысынан шеттеп қалмау үшін кәсіпорын соны технологияларды меңгеріп, терең өңдеуді ерекше қолға алған. Дүниежүзілік сауда ұйымының талаптарына сай келетін өндіріс орны осылайша ел экономикасын арттыруға сүбелі үлес қосуда.