МЕМЛЕКЕТ ҚОЛДАУЫН ИЕЛЕНГЕН КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ
Қызылордада «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында көмек алып, жұмыс жасап жатқан кәсіпорындарға пресс-тур ұйымдастырылды.
Пресс-тур қатысушылары жеке кәсіпкер Сейтжаппарова Раушанның «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автомагистралінің бойында орналасқан жол бойындағы сервистік кешенін, «Сыр қанағаты» ЖШС типографиясын,жеке кәсіпкер Ким Ларисаның кондитерлік цехы мен ЖК «Түлендиев Ерністің» өндірістік базасында жұмыс барысымен танысып қайтты. Тілшілер жобалардың жүзеге асуының бірнеше деңгейімен, атап айтқанда – құрылысы енді аяқталған және өндірісті жаңғырту барысы мен мемлекет қолдауы аясында өз жоспарын іске асыруға мүмкіндік алып, жұмыс бастағандарын өз көздерімен көріп танысты.
Алғашқы аралаған кәсіпорын «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автомагистралінің бойында орналасқан жол бойындағы сервистік кешені болды. Кешенді қонақ үй, дәмхана, техникалық қызмет көрсету стансасы, сауна мен аттылы-спортты клуб сияқты қызметтер құрайды. Бүгінгі таңда құрылыс жартылай біткенмен, техникалық қызмет көрсету орталығы, қонақ үй мен дәмхана қызметі іске қосылған. Өзінің Қызылорда облысына соңғы сапары барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық автомагистраль бойынан кең көлемдегі қызмет көрсететін ірі кешендерді жергілікті кәсіпкерлердің ашып жатқанын ерекше маңызды екенін атап айтты және Елбасы осы қадам арқылы еліміздің көрші Азия елдерімен байланысы артып, ол өз кезегінде аймақтық әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосатынын жеткізді. Жеке кәсіпкер Сейтжаппарова Раушанның жол бойындағы кешенінің ерекшелігі келген туристер мен өңір тұрғындары ат спортымен шұғылданып, таза әрі табиғи қымызбен дәм тати алады. Өз бизнесін кәсіпкер 2011 жылы көтерме сауда-саттықпен және жылқы бағумен айналысудан бастаған. Ендігі жерде мемлекет қолдауы аясында өз кәсіпкерлік көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік алды. «БЖК 2020» бағдарламасы бойынша Даму Қоры ЖК «Сейтжаппароваға» «ВТБ Банк» АҚ ДБ (Қазақстан) несие рәсімдеу үшін жобаның 50% тең кепілдендіруді қолдады. Жоба құны 100 млн.теңгені құрайды. Жалпы жобаның жүзге асуы барысында 70-ке жуық жаңа жұмыс орындары ашылмақ.
Келесі бағыт ЖК Түлендиев Ерністің өндірістік базасына қарай бет алды. Мүмкіндігі шектеулі кәсіпкер құрылысқа қажетті болат ілмек пен арқан шығарумен айналысады. Бүгінгі таңға сымнан өнім шығарумен Қызылорда қаласында жалғыз компания жұмыс жасайды, сондықтан да кәсіпкердің бизнесі бәсекелесі аз әрі өндірісті арттыруға мүмкіндік беретін сала болып табылады. Жеке кәсіпкер мемлекеттік қолдаудың тиімділігін пайдаланып, болаттан өнім шығару үшін өндірісті кеңейту мақсатында несие рәсімдеді. Сондай-ақ, мата ілмектері мен арқандар шығару үшін «БанкЦентрКредит» АҚ 50%-дық мөлшерде Даму Қорының кепілдендіруі арқасында 10 млн. теңге көлемінде несие алып, өз бинесін өркендетті. Алдағы уақытта Ерныс Тулендиев өз цехын салып, өндірісін одан әрі жандандыруды көздеп отыр.
Мемлекет тарапынан көмек алған тағы бір компания «Сыр Қанағаты» ЖШС БАҚ өкілдерін типографияның жұмысымен таныстырды. Компания директоры Нұғыман Аймаханованың сөзінше, олар баспа-полиграфиялық іспен 5 жылдан бері айналысып келеді және осы уақыт аралығында бизнесте жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп, нарықта тұрақты орын алған. «Сыр Қанағаты» ЖШС тапсырыс берушілер тек Қызылорда облысынан ғана емес, сонымен қатар сырт аймақтардан да кездеседі. Баспалық және полиграфиялық қызметтен өзге, кәсіпорын естелік сыйлықтар да шығарады. Өндірістік қуаттылықты арттыру мен шығарылған өнімнің сапасын арттыру арқылы кәсіпкерлік табысты арттыру мақсатында компания «Банк Центр Кредит» АҚ 40млн.теңге көлемінде несие алды. Компания басышылығының сөзінше, жаңа құрылғының көмегімен сапалы өнім шығарып, өндіріс қуатын арттырып қана қоймай, сондай-ақ жаңа қызмет түрін, мысалыға үлкен көлемдік құжаттарды жіппен байланыстырып тігу сияқты қызметті де ұсыну мүмкін болып отыр. Сонымен бірге жаңа құрылғының қосымша функцияларының көмегімен шығыс материалдарын үнемдеп, процессті автоматтандыруға мүмкіндік туды. «Сыр Қанағаты» ЖШС кепілдік жетіспеушілігін кепілдендіру құралымен шешті. 40 млн.теңгелік несиені рәсімдеу үшін Даму Қоры компанияға жобаның 50% кепілдендіруді қолдады.
Пресс-тур барысындағы соңғы аялдама ЖК «Ким Ларисаның» жобасы болды. Бизнес-леди Ким Лариса 2006 жылдан бастап кәсіпкерлікпен айналыса бастаған. Кәсіпкердің бизнесі «Сластена» брендімен шығаратын кондитерлік және нан өнімдерін шығару болып табылады. 9 жыл ішінде кәсіпкер компаниясын өңірдің үздік компанияларының біріне айналдырып, тұрақты клиенттер мен сапалы өнімді бырыңғай жолға қойды. «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытуға арналған бірегей бағдарламаның аясында кәсіпкер банктен алған несиенің жылдық 14% үстемесінің 10% мемлекет субсидиялап отыр, ал кәсіпкер болса қалған 4%-ын ғанаөтеуде. Несие қаражатын «Қазақстан Халық Банкі» АҚ беріп, сол қаржы сауда нүктесі қарастырылған жаңа кондитерлік цех құрылысына жұмсалды.
Бағдарламаның жүзеге асқан уақыттан бастап, Қызылорда облысында Қор тарапынан барлығы 302 жобамен субсидияландыру келісім шарты жасалды, несие портфелі– 29,91 млрд. теңгені құрады, барлығы Бағдарлама аясында Қызылорда облысы бойынша төленген субсидия көлемі қазіргі таңда– 2,2 млрд теңгені құрап отыр.
93 жобаға жалпы құны 1,4 млрд теңге болатын Даму Қорының кепілдендіруі берілді, несие портфельі 2 ,92 млрд. теңгені құрайды. Қол қойылған кепілдендіру келісім шарты рейтингі бойынша Қызылорда облысы еліміздің аймақтары арасында 6 орында.
Аталған көрсеткіштер мен нәтижелерге қарай отырып, Бағдарлама құралдарының әлеуметтік-экономикалық әсері зор екенін көруге болады.