ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ЖОБАЛАРЫ МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН ҚОЛДАУ ТАБУДА
Аймақтық үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында жалпы құны 172 288 878 теңге болатын 4 шағын және орта бизнес субъектісінің жобалары «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті дамыту мен қолдауға арналған бірегей бағдарламасы аясында алатын несиенің пайызын субсидиялауға мақұлданды.
Қолдау тапқан жобалардың қатарында «Агрохимсервис-С» ЖШС, «Югай» ЖК, «Каумбаев Аманжол» ЖК және «Ультрамед Кызылорда» ЖШС сияқты мекемелер бар. Шағын және орта бизнес саласындағы несиелердің жылдық үстеме пайызы 4% пен 7% арасында болмақ және «Ультрамед Кызылорда» ЖШС жобасы бойынша «Даму» Қорының кепілдендіруі арқылы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-нан несие рәсімдейтін болады. «Ультрамед» ЖШС директоры Луиза Нұрымгерееваның сөзінше, клиника 2011 жылы ашылған және осы аралықта өз қаражатына бизнесті кеңейтуге мүмкіндік туып, өзінің екінші филиалын да ашып үлгірген. Ендігі жерде мемлекет қолдауы аясында кәсіпкер несие қаражатына қазіргі таңда медициналық қызмет көрсетуге жалдап отырған ғимаратты сатып алуға жұмсамақшы.
«Югай» ЖК «Қазақстан Халық Банкі» АҚ рәсімделген 12 млн.теңгені құрайтын несие қаражатына балаларға арналған ойын-сауық орталығының құрылысын аяқтауды жоспарлайды.
«Агрохимсервис-С» ЖШС компаниясының клиникасы да «БЖК2020» бағдарламасы аясында өз есігін айқара ашпақ. Несие беруші ретінде шағын және орта бизнесті белсенді қаржыландырып жүрген «Қазақстан Халық Банкі» АҚ болмақ.