ЖАЛҒАН КӘСІПКЕРЛІК ЖӨНІНДЕ 48 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛҒАН
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде жалған кәсіпкерлікпен күрес бағытындағы мемлекеттік кірістер органдарының жұмыс жүйесіндегі кезекті түсіндіру семинары өтті.
Семинардың мақсаты – жалған кәсіпорын деп танылған кәсіпкерлік субьектісінің контрагенттері арқылы салық берешегінің өндірілуі бойынша, жұмыс істеп жатқан және әрекетсіз контрагенттер бойынша талдау, олармен нақты әңгімелесу барысында атқарылатын жұмыстың жүйесін қалыптастыру. Қатысушыларға департаменттің, Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының, қалалық прокуратураның және экономикалық тергеу қызметінің мамандары түсініктеме берді.
Жыл басынан бері жалған кәсіпорындар дерегі бойынша 48 қылмыстық іс қозғалып, оның ішінде 12 салық төлеуші, сот шешімімен, жалған кәсіпорын болып танылған. Олардың 126 контрагентіне (жалған кәсіпорын болып танылған тұлғамен жұмыс жасаған мекемелер) сомасы 831,4 млн. теңге болатын қосымша құн салығы бойынша автоматтандырылған хабарлама қалыптасты. Қазіргі таңға ол қаржының 141,0 млн. теңгесі бюджетке өндірілді.
Экономикалық тергеу қызметінің жалған кәсіпкерлікке қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмыс қорытындысымен, жыл басынан бері жалған кәсіпкерлік фактісімен қозғалған істер бойынша келтірілген шығын 5 млрд. 880 млн. теңгені құраған. Сот шешімімен, 16 тұлға 2 жылдан 4 жылға дейінгі мерзімдерге бас бостандығынан айрылып, жалпы сомасы 11 млн. 982 мың теңгеге айыппұлға тартылған.
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті тарапынан жалған кәсіпкерліктің алдын алу мақсатында жұмыс тобы құрылып, өз кезегінде негізгі 2 бағытпен жұмыс атқаруда.
1-ші бағытта алдын алу жұмыстары (профилактика).
2-ші бағытта жалған кәсіпкерлік белгісі бар шаруашылық субъектілерінің базасы құрылған. Ол базаға салықтық зерттеу актісі бойынша тіркеу деректеріндегі мекен жайда орналаспаған, салықтық жүктеме коэфициенті (КНН) төмен, счет-фактураны алмастырған салық төлеушілер кіргізілген. Бұл база жаңартылып отырады және ондағы тұлғалармен тұрақты жұмыс жүргізілуде
Бахыт ОРДАНОВА