ҚЫЗЫЛОРДАҒА НИДЕРЛАНДЫДАН ТАҒЫ БІР ЭКСПЕРТ ШАҚЫРТЫЛДЫ
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдауға арналған бірегей бағдарламасы аясында Қызылордаға Нидерландыдан тағы бір эксперт шақыртылды.
«Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалы «Аға сеньорлар» компоненті бойынша Нидерланды елінен «Медициналық оңалту орталығы «БМС» ЖШС эксперт шақырды.
Сауықтыру кешені Қытайлық Ига-Нож клиникасымен денсаулық саласында бірлесе жұмыс жасайды және шетелдік эксперт шақыртуда біршама тәжірибесі бар мекеме. Ендігі жерде мемлекеттік қолдаудың арқасында соңғы үлгідегі медициналық кешенде Голландиялық эксперт басқарудың жаңа модельдерін үйрету арқылы клиниканың жұмысын жақсартуға жұмыс жасауда.
Бен Блеккинк - медициналық мекемелердегі менеджмент саласында көп жылдық тәжірибесі бар эксперт. Медициналық клиниканың бас директоры лауазымын атқарған шетелдік эксперт кәсіпкерлерге компаниясын дамыту, оның ішінде емделушілерге ұсынатын тауар мен қызметтің сапасын арттыру және кәсіпорынды кеңейту үшін жаңа кезеңге өту бойынша кеңес беруде үлкен тәжірибесі бар екенін көрсетті. Эксперттің сөзінше, емханалар мен клиникада жұмыс жасаған тәжірибесі оған емделушілерге болашақта сұраныста болатын қызмет түрлерін бағдарлауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, эксперттің медициналық мекемелердегі персоналдың өзіндік дамуына қызмет көрсететін жеке компаниясы бар. Сауықтыру кешенінің ұйымдастырылғанқызметімен танысқан Бен Блеккинг, мекемеге қаржылық сауықтыру мен пациенттердің жалпы жағдайын жақсарту, ұсынатын қызметтің сапасын арттыру бойынша өзінің тәжірибесімен бөлісуде.
«Медициналық оңалту орталығы «БМС» ЖШС директоры Жолболдиев Серік компаниясының өнімділігін арттыру мен оның жалпы қызметін бірыңғайлау мақсатында бизнесін кеңейтуді жоспарлайды және сондықтанда дәл қазіргі уақытта оған менеджмент пен қаржылық жағдай бойынша сапалы кеңес беретін жоғары білікті маманның көмегі қажет болып отыр. Кәсіпкердің сөзінше, Голландиялық эксперт клиниканың қызметін саралап көріп, жағдаймен танысқан соң жұмысты жақсартудың нақты қадамын ашып көрсетті.
- «Аға сеньорлар» жобасы туралы «Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының кеңесшісінен білдім. Қазіргі уақыттағы мемлекеттің көрсетіп жатқан қолдауларын пайдалана отырып, бизнесімді кеңейтуге несие алуды жоспарлаймын, сондықтанда КҚКО жеңілдік қарастырылған несие алудың механизмі туралы кеңес алуға келдім. Мемлекеттік бағдарламалар жөніндегі кеңесші Қуатбай Матназаров менің компаниямды дамыту туралы жоспарыммен танысқан соң, бірден шетелдік эксперттің көмегін ұсынды. Мені осы бағдарламаның қызықтырған шарты шетелдік тәжірибелі эксперттің қызметін пайдалану барысында ұшып келу мен оның қызмет ақысы мемлекет тарапынан өтеледі екен. Бизнесте біршама тәжірибеміз болсада қазіргі дағдарыс уақытында компанияны дамытуды жоспарлау өте қиын екені сөзсіз, осы орайда шетелдік маманның көмегі біз үшін таптырмас қолдау болып отыр, - деп «БМС» клиникасының директоры Серік Жолболдиев өз ойымен бөлісті.