СЫРТҚЫ САУДА ҚАРҚЫНЫНДА ТӨМЕНДЕУ БАЙҚАЛАДЫ
2015 жылдың 9 айының қорытындысымен Қызылорда облысының сыртқы сауда айналымы көлемі 453 млн. АҚШ долл. құрады, және өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 47 пайызға төмендеді.
Оның ішінде экспорт көлемі 360 млн. АҚШ долларына, ал импорт 93 млн. АҚШ долл. тең, 2014 жылдың 9 айымен салыстырғанда, тиісінше, 46 және 48 пайызға төмендегені байқалады.
Экспорт көлемінің азаюының басты себебі – мұнай рыногындағы жағдай, яғни мұнай бағасының құлдырауы.
Импорт көлемінің азаюы, жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың сырттан тауар тасымалын азайтуы себебінен, мұны мұнай өндірушілер экономикалық дағдарыспен байланыстырады.
Географиясы бойынша қарастырғанда: импорттың 56 пайызы – Қытайдан, 12 пайызы Германиядан, 5 пайыздан Түркиядан және Украйнадан, 4 пайызы Литвадан, 3 пайызы АҚШ-тан, қалған 15 пайызы – басқа елдерден әкелінеді.
Біздің тауарларды тұтынушы елдердің аумағын бақыласақ: экспорттың 58 пайызы – Қытайға, 19 пайызы – Италияға, 8 пайызы – Францияға, 4 пайызы – Өзбекстанға, қалған 11 пайызы басқа елдерге шығарылған.
Тауарлар құрамына назар аударыңыз: Импортталатын тауарлардың 42 пайызы – жабдықтар мен механизмдер, 11 пайызы – жермен жүретін көліктер, 9 пайызы – қара металлдан жасалған өнімдер, 6 пайызы – пластмасса және одан жасалатын өнімдер, 6 пайызы – жиһаз, 4 пайызы – электр машиналары және жабдықтарға тиесілі, 22 пайызы – басқа тауарлардан құралады.
Эскпортталған тауарлардың 49 пайызы уранға тиесілі, 39 пайызын шикі мұнай құрайды, 5 пайызы - күріш, 5 пайызы – газ, 2 пайызы – басқа тауарлар.
Үстіміздегі жылдың 9 айында біздің өңірден экспортталатын негізгі тауарлардың қозғалысы да әрқалай. Экспорттың басым бөлігін құрайтын шмкі мұнай мен газдың сырт елге шығарылуы айтарлықтай азайғанмен, сыр дақылы – күріш пен Арал теңізінің ерекше байлығы балыққа сұраныс көтерілгені байқалады.
Жыл басынан бері құны 20 млн.долл. болатын 34,1 мың тонна күріш экспортталған, өткен жылдың осы кезеңіне қарағанда 98 пайызға көп.
Балықтың түрлі өнімдерінің экспортталуы 21 пайызға артқан. құны 3,4 млн долл. болатын 0,7 мың тонна балық сырт елдерге сатылған.
Аралдан өндірілетін тауардың бірі – тұздың экспорты 2 есеге азайған, биылғы сыртқа жөнелтілінген тұз 0,2 млн. долл. тұратын 3,3 мың тонна ғана.
Бахыт ОРДАНОВА,
Қызылорда облысы бойынша МКД бас маманы