МҰНАЙ БАҒАСЫ 2020 ЖЫЛЫ БАРРЕЛІНЕ 80 ДОЛЛАРҒА ДЕЙІН ӨСУІ МҮМКІН
Халықаралық энергетикалық агенттік инвестицияның төмендегеніне қарамастан, 2020 жылы мұнай бағасы барреліне 80 долларға өседі деген болжам жасады, деп жазады «Қазақпарат» агенттігі «russian.rt.com» сайтына сілтеме жасап.
«Біз 2020 жылға қарай мұнай бағасы біртіндеп 80 долларға дейін көтеріледі деп күтеміз. Біздің бағалауымызша, биыл мұнайға инвестиция 20 пайыздан астамға дейін төмендеуі ықтимал. Бұл төмендеу келесі жылы да жалғасуы мүмкін», - деді ХЭА атқарушы директоры Фатиха Бироль.