ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСАДЫ
«Қаржы мәдениеті» бағдарламасы – қаржылық ағарту бағытындағы ауқымды бағдарламалардың бірі. Оның аясында Қызылорда облысында «Тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру» жобасы жүзеге асырылуда.
- Жоба бірнеше ай бұрын жүзеге асырыла бастады. Респонденттер арасындағы зерттеу қорытындысы бойынша тұрғындардың басым көпшілігінің жинаған қаражатын алтын бұйымдарына және мал алуға жұмсайтыны белгілі болды. Қаржылық сауаттылық – тек қана несие туралы білім емес, қолдағыны тиімді жұмсап, сақтап, көбейте білу деген сөз. Осы орайда кездесулер мен тренингтер ұйымдастырылып, халықтың құқықтық сауаттылығы сөз болды, - дейді «Тұран» өңірлік даму» қоғамдық қорының директоры, жоба жетекшісі Жасұлан Серіков.
Тренингтер мен кездесулер негізінен жастарды қамтыды. Бірнеше колледж, жоғары оқу орны және «Облыстық жастар ресурстық орталық» ММ-де тренингтер өтті. Оларды қор тренерлері, банк қызметкерлері, ЖОО оқытушылары жүргізіп, қатысушылар сертификаттар иеленді.
«Каспий Банк» АҚ-ның қолдауы арқасында шара жыл соңына дейін барлық ауданда жалғасады.
Назерке САНИЯЗОВА