ЖАҢА ТАЛАП КҮШІНДЕ
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде жылдың 9 айын қорытындылаған кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Мемлекеттік кірістер органдарының негізгі қызметі бюджеттің кіріс көзін толтыруға бағытталған.
Қызылордалықтар 2015 жылдың 9 айында республикалық және жергілікті бюджетке, тиісінше, 25,7 және 26,8 млрд.теңгенің салықтары мен төлемдерінің түсуін қамтамасыз етті. Алқа мәжілісінде қаралған мәселелер қатарында фискалды жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану жайы да болды.
2015 жылдың 1 шілдесінен бастап, бензин (авиациялықты қоспағанда), дизель отыны және алкоголь өнімдерін көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын салық төлеушілерге деректерді беру функциясы бар бақылау касса машиналарын қолдануды міндеттейтін норма күшіне енген болатын (Салық кодексінің 645 бабы 1 тармағы).
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №1393 Қаулысымен деректерді беру операторы болып «Қазақтелеком» АҚ белгіленген. Сонымен қатар, ҚР Қаржы министрлігінің 2014 жылғы 13 қазандағы бұйрығымен фискалды жады бар бақылау касса машиналарының техникалық талабы да бекітілген.
Бүгінгі күнге тізілімде бақылау касса машиналарының 17 түрі бар, 11 жаңа модель ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитететінің тарапынан енгізілді. Жыл соңына дейін тағы 4 жаңа модель енгізіледі деп күтілуде. Және жыл аяғына дейін өндірушілер елімізге 40 мың жаңа машиналарды әкелуді жоспарлап отыр. Яғни, нарықты бақылау касса машиналарымен толтыру мәселесі осылай шешілмек.
Осы бағыттағы жұмыстардың біздің облыстағы жағдайы қандай? Мамандардың айтуынша, БКМ қолдануға тиісті салық төлеушілерге түгелдей хабарлама берілген.
Департамент басшысының міндетін атқарушы Мұса Қалдарбеков БКМ тіркелу жағдайы, оған кедергі келтіріп отырған себептер бойынша аудандық басқарма басшыларын дербес тыңдады. БКМ тіркету жайы бойынша Шиелі, Арал, Жаңақорған аудандары төмен көрсеткіш көрсетіп отыр. Ал Қазалы ауданында жұмыс жақсы атқарылған, жаңа машиналарды қолдануға тиісті салық төлеушілердің 68,1 пайызы ОФД порталына тіркеліп үлгерген.
Тіркелген тұлғалардың қызмет түрдеріне де талдау жасалған. Мысалы, алкоголь өнімдерін сатумен шұғылданатын кәсіпкерлер бойынша уақытылы тіркелуде Қазалы ауданы мен Қызылорда қаласында белсенділік бар.
Ал мұнай өнімдерін өткізуді жүзеге асыратындар тарапынан Қазалы, Жалағаш және Жаңақорған аудандары кәсіпкерлерінің заң талаптарына мерзімінде құлақ асатыны байқалады.
Мынаны атап өту керек, «Атамекен» ҰКП тарапынан көптеген ұсыныстардан соң, Мемлекеттік кірістер комитеті БКМ қолдану талабын орындау бойынша 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін тексеру шараларын жүргізбейтінін мәлімдеді.
Бірақ бұл – бақылау алынып тасталады деген сөз емес. Тексеру жүргізілмегенмен, талап сол қалпында қала береді.
«Қазақтелеком» АҚ қызметкерлерімен бірлескен түсіндіру жұмыстары жыл аяғына дейін жүргізіле беретін болады.
Бахыт ОРДАНОВА,
Қызылорда облысы бойынша МКД бас маманы