ҚАРЫЗДАРДЫ ӨНДІРУ ДЕГЕН ЖҰМЫС БАР
Салық салу базасы және онымен жұмыс саласында бересі деген термин бар. Заң тілімен түсіндірсек, бұл – есептелген, есепке жазылған және мерзімінде төленбеген салықтың және алымдар мен баждардың сомасы (ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің 12 бабы, 5 тармағы).
2015 жылдың 1 қазанына облыс бойынша бюджетке төленетін салықтар мен төлемдер бойынша бересі 1 млрд. 899 млн. теңгені құрап отыр. Міндетті зейнетақы жарнасы бойынша – 23 млн. 447 мың теңге, ал әлеуметтік аударымдардан 7 млн. 30 мың теңге бересі қалыптасқан.
Бересінің құрамында басым мөлшерді қосымша құн салығы құрайды – 1 млрд. 30 млн. теңге (барлық соманың 54,2%), екінші орында корпоративті табыс салығы - 528 млн. 870 мың теңге (27,9%), және әлеуметтік аударымдар – 66 млн. 993 мың тегеге тең (3,5%).
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті осы қарыздарды өндіру бағытында бірқатар жұмыстар жүргізіп келеді.
Жыл басындағы қалыптасқан қарыз 9 айдың қорытындысымен 15 млрд. 817 млн. теңгеге азайған, яғни бересі көлемін 89,3 пайызға төмендетуге қол жеткізілді.
Тек соңғы бір тоқсанның өзінде бересілер саны айтарлықтай азайған. Мысалы: егер 1 шілдеге 57 531 борышкер болса, 1 қазанда олардың саны 4857 бірлікке азайды. Оның ішінде, борышкер-заңды тұлғалар 79-ға, борышкер-жеке тұлғалар 4466-ға, қарызы бар дара кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары және нотариустар мен адвокаттар саны 312-ге азайған.
Мемлекеттік кірістер департаменті, бересіні өндіруге құзыретті мемлекеттік орган ретінде, Салық заңнамасында қарастырылған барлық шаралар мен әдістерді қолданған соң, 2015 жылдың 9 айының қорытындысымен, бюджетке біраз қарыз сома қайтарылды. Атап айтқанда, 3408 салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтатылды, 2436 тұлғаның кассасы бойынша шығыс операциялары тоқтатылды, 81 борышкердің мүлкін жұмсауға шектеу қойылса, 2467 тұлғаның банк шоттарына, 19 тұлғаның дебиторларының шоттарына инкасса қойылды.
Сонымен қатар, Салық кодексінің 612, 616 баптарына сәйкес, 175 салық төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтату бойынша, 136 салық төлеушінің дебиторлары шотынан қарыз сомасын өндіру бойынша тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 4 млн. 365 мың теңге бюджетке өндіріліп, 3 салық төлеушіге 179,6 мың теңгеге айыппұл салынған.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің бұйрығына сәйкес, 13 млрд. 895 млн. 704 мың теңге көлемінде бересі бар 27 салық төлеуші бойынша материалдар Экономикалық тергеу қызметінің қарауына ұсынылды.
Алмагүл АБДУМАНОВА,
Қызылорда облысы бойынша МКД
мәжбүрлеп өндіру бөлімінің басшысы