ҚАЗАҚСТАНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІН СЕРТИФИКАТТАУ ЕНГІЗІЛЕДІ
Қазақстанда экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімін сертификаттауды енгізу жоспарланған және «био» мен «органик» атаулары заңдастырылады, деп мәлімдеді ҚР Парламенті Сенатында ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Көшербаев, деп жазады primeminister.kz.
«Аталған өнімді өндіру кезінде қолданылуы тиіс нормалардың барлығы, «био» және «органик» атаулары заңдастырылады, және сәйкес сертификаттау енгізіледі. Осылайша, біз ауыл шаруашылығындағы жаңа саланың, сондай-ақ органикалық өндіріске қарай жұмыс жасайтын салалардың дамуына серпін береміз деген ойдамыз», - деді Е.Көшербаев.
Сондай-ақ, ол «Органикалық өнімдер шығару туралы», «Қазақстан Республикасының органикалық өнімдер шығару мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларында Қазақстанда органикалық өнім өндіру және оның әлем нарығына шығуы үшін жағдай жасалатынын айтып өтті.
Оған қоса, ол сертификаттау мәсілелерімен әлеуметтік қоғамдық бірлестіктер және органикалық өнім өндірушілер құратын қауымдастықтар айналысатынын нақтылады.
«Мемлекет басшысы біздің елімізде бар мүмкіндіктерді пайдалануға және осындай өнімдерді көбірек шығарып, ұлттық бренд қалыптастыруға сәйкес тапсырмалар берген болатын. Бұл біздің қолымыздан келеді, біз сәйкес жағдай жасай аламыз», - деп баса айтты вице-министр.
Ведомство басшысы орынбасарының айтуынша, Қазақстанда органикалық өнім шығаратын 30-ға жуық өндіруші бар, олардың көбісі Қостанай облысында орналасқан.