«БИЗНЕСТЕГІ ӘЙЕЛДЕР» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ
Қызылордада Даму Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында әйел кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған «Бизнестегі әйелдер» атты семинар өтті.
«БанкЦентрКредит» АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының аға несие менеджері Азиз Мусабеков семинар қатысушыларына «Бизнестегі әйелдер»бағдарлама шарттарын түсіндірді. Құны 550 млн.теңгеге дейінгі несиені әйелдер кәсіпкерлігі субъекілері 14%-бен 5 жыл мерзімге ала алады, сонымен қатар бұл несиені «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы» шеңберінде 10%-ға дейін субсидиялап, Даму Қорының 85 % кепілдемесін пайдалануға болады.
«БанкЦентрКредит» АҚ –нан алынатын несие қаражатын әйел кәсіпкерлер айналымдағы капиталды толықтыру,инвестициялар , басқа банктерден және басқа несиелік ұйымдардан осыған дейін алынған қарызды қайта қаржыландыру мақсатында жұмсай алады. Кепілзат түрінде банк алдында қондырғылар, айналымдағы тауарлар, автокөлік,жылжымайтын мүлік және несие соммасының 15%-ын депозит ретінде қоя алады, кепіл жетіспеушілігі жағдайында Даму Қорының кепілдемесіне жүгіне алады.
«БанкЦентрКредит» АҚ –нан Бағдарламаға әйел адам толық басқарып отырған немесе жарғылық капиталдың 50%-ын әйел кісі иеленетін шағын және орта бизнес субъектілері қатыса алады.