70-КЕ ЖУЫҚ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ЖАҢА ҮЙ САЛУ КОМБИНАТЫНЫҢ ЖҰМЫСКЕРІ АТАНАДЫ
Қызылорда қаласы заманауи үй құрылыс комбинатының ашылу салтанатына қызу дайындықтарын бастады. Аталмыш комбинаттың арқасында 70-ке жуық қызылордалық жаңа жұмыс орнымен қамтылмақ, деп хабарлайды BNews.kz. тілшісі.
«Осы жылдың аяғына дейін Қызылордада «РМЗ-Шапағат» ЖШС үй құрылыс комбинатын іске қосады. Жобаның жалпы бағасы – 154 млн теңгені құрайды. Өнеркәсіптің өндірістік қуаты жылына 80 мың кубометр темір бетон дайындауға дейін жетеді. Келешекте тіпті тағы 68 жұмыс орнын ашу қарастырылған»,- деп хабарлады Қызылорда облысының өнеркәсіптік-инновациялық даму басқармасы мониторинг және саралау бөлімінің жетекшісі Жанар Берденова.
Үй салу комбинаты Қызылорда қаласындағы құрылыс саласын дамытуға үлкен үлесін қосады. Кейінгі жылдары Қызылорда облысында тұрғын үй салу бағытына ерекше назар аударуда. Аталмыш жоба осы саладағы көп мәселелердің шешімін табады деп сенеміз.
«Өндірістік технологиямыздың басты ерекшеліктерінің бірі – негізгі технологиялық үрдістер дәл осы зауытта жасалатынында. Бұл көрсеткіш өнімді дайындау уақытын үдетіп, сапалы өнім жасап шығаруға мүмкіндік береді. Құрылысшыларға біздің өнімді тек жинап, тұрғызу жұмысы ғана қалады. Демек тұрғын үйлердің құрылыс уақыты да қысқарады деген сөз», - деп баяндады «РМЗ – Шапағат» ЖШС директоры Мұратбек Жаханов.