ОБЛЫСТА НАҚТЫ ЖАЛАҚЫ 3 ПАЙЫЗҒА АЗАЙҒАН
Қызылорда облыстық статистика басқармасы 2015 жылғы қаңтар-қыркүйектегі облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындыларын хабарлады.
Сонымен, 2015 жылдың 2 тоқсанында халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша айына 48162 теңгені құрады және осы кезеңде тұтыну тауарлары мен қызметтері бағасының 4,3%-ға өсуіне байланысты 2014 жылдың 2 тоқсанымен салыстырғанда 8,8%-ға төмендеді. Нақты көріністе халықтың атаулы ақшалай табыстары 2014 жылдың 2 тоқсанымен салыстырғанда 12,5%-ға төмендеген.
Сондай-ақ, есепті мерзімде жұмыссыздар саны, бағалау бойынша 15,6 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санына 5,0% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 5,2 мың адамды құрады немесе экономикалық белсенді халық санына 1,7%. Қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 106866 теңгені құрады. 2014 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда өсім 1,2% болды. Осы кезеңде нақты жалақы 3 пайызға азайған.
Статистикалық мәліметтер бойынша үстіміздегі жылғы қаңтар-қыркүйекте өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы бағаларда 450605,2 млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 2014 жылғы қаңтар-қыркүйектегі деңгейден 7,9% кеміді. Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 9,1%, электрмен жабдықтау, газ, бу және ауа баптауда –0,3% кемісе, өңдеу өнеркәсібіндегі өсім 3,0% құраған. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйегінде ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 42 443,6 млн. теңгені құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 3,2% артқан.
Ал жүк айналымының көлемі 9920,8 млн. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын көліктік емес ұйымдар мен кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құраған, бұл 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сол деңгейде.