303 МЛН. ТЕҢГЕ БОЛАТЫН 14 КЕПІЛДЕНДІРУ КЕЛІСІМ-ШАРТЫНА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Даму Қорының Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдауға арналған бірегей бағдарламасы аясында 2015 жылдың 3-ші тоқсанында жалпы құны 303570000 теңге болатын 14 кепілдендіру келісім-шарты мен құны 613 млн.теңге болатын 28 субсидияландыру келісім-шартына қол қойды.
Шағын және орта бизнес субъектілерінің жобалары мемлекет тарапынан пайызы субсидияланатын тиімді несиені екінші деңгейлі банктерден алу үшін қажет болған кепілдің жетіспеушілігін жоюға мүмкіндік беретін бөлшек кепілдендіру бағдарламасына қатыстыру мақсатында Аймақтық үйлестіру кеңесіның кезекті отырысында мақұлданды.
Мемлекет тарапынан қолдау алған компаниялардың қатарында бастауыш кәсіпкер Алмас Бекайдаровтың да жобасы бар. Кәсіпкер жобасының жалпы құны 5 млн.теңгені құрайды. Сонымен қатар банк алдында несие рәсімдеуге жетіспейтін кепілзат бөлігінің 85%-мен оны Даму Қоры кепілдендірді. Несие қаражатына бастауыш кәсіпкер газобетон өндірісін қолға алмақ. Оның сөзінше, қазіргі таңда Қызылорда қаласы төңірегінде газобетон өндірісмен тек қана бір мекеме айналысуда. Жергілікті құрылыс компаниялары газобетонды еліміздің басқа өңірлерінен тапсырыспен алдыруда, бұл да болса кәсіпкер үшін нарыққа енудің бірден-бір мүмкіндігі. Сонымен қатар, бастауыш кәсіпкер Алмас Бекайдаров өзінің өніміне, бәсекелестеріне қарағанда төмен баға орнату арқылы, сатып алушалар санын арттырмақшы.
Бастауыш кәсіпкердің жаңа жобасы аясында жаңадан 4 жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.