ҰЛТТЫҚ БАНК ТЕҢГЕНІ ҚОЛДАУҒА 111 МИЛЛИОН ДОЛЛАР БӨЛДІ
Ұлттық банк кезекті рет интервенция жүргізді, - деп хабарлайды і банктің баспасөз қызметі.
Теңге бағамын қолдауға бөлінген бұл жолғы сома 111 миллион долларға тең болды. Ал кешегі күнгі кешкі сессияға сәйкес доллар бағамы - 274,09 теңге. Айта кетейік, өткен айда да бірнеше рет интервенция жүргізілген болатын - 30 қыркүйекте 225 миллион доллар, 29 қыркүйекте - 137,5, 21 қыркүйекте - 213,1, 18 қыркүйекте - 67,2, 17 қыркүйекте - 270 және 16 қыркүйекте 144 миллион доллар.
Теңге бағамына қолдау көрсету туралы шешім 16 қыркүйекте қабылданған болатын. Ол кезде Ұлттық банк нарықта алыпсатарлықтың болып жатқанын хабарлады, сол күні доллардың бағамы 300 теңгеге жетті. Сол кезден бері шетелдік валютаның бағасы 270 теңгеге дейін төмендеді. Бұл бағам әлі күнге сақталып тұр. Сарапшылардың айтуларына қарағанда, Ұлттық банктің ұлттық валюта бағамына қолдау көрсетуге жасап жатқан шараларының арқасында бұл баға әлі ұзақ сақталуы мүмкін.
Еске сала кетейік, 7 қазанда Ұлттық банк басшысы Қайрат Келімбетов бүгінгі жағдайдағы теңгенің бағамын лайықты деп атады.