ЕЛІМІЗДЕ АЛДАҒЫ ЖЫЛЫ АРАҚТЫҢ БАҒАСЫ 3 ЕСЕГЕ ДЕЙІН ҚЫМБАТТАМАҚ
Елімізде алдағы жылы арақтың бағасы 15 пайызға өсетін болды. Сөйтіп, үш жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 3 есеге дейін қымбаттамақ.
Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.
Нақтылап айтқанда, 2016 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап, спирттің литрі 1600 теңгені құрайтын болады. Бірақ Ресейде бұл баға біздің ақшамен 200 теңгеге арзанға түсейін деп тұр. Сондықтан мамандар елімізде арақ-шарап қымбаттағаннан кейін көрші мемлекеттен алкоголь өнімдерінің ағылып келуінен қауіптенеді.
Оның үстіне Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа кіруі де қауіпті ұлғайтуы мүмкін. Өйткені бұл елде литр спирттің бағасы біздегіден 2 есе төмен.
"Біздің алкоголь өнімдерінде акциздің мөлшері алкоголь өнімі бағасының 40-45 пайызын құрайды. Сондықтан, қандай да болсын акциздік салықты көтеру оның сату бағасына әсерін тигізеді”, – дейді «ҚазАлко» қауымдастығының президенті Әміржан Қалиев.